ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

 

Мемлекеттік сақтандыру қорынан жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 37816 адамға 42500 төленді (1,6 млрд). 7071 адамға 15,0 мың теңгеден (7 санат бойынша) 212,1 млн теңге көлемінде коммуналдық төлемдер төленді (1, 2, 3 топтағы мүгедектер – 1744, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар – 317, көпбалалы отбасылар – 2116, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер – 191, зейнеткерлер – 2177, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 523, мемлекеттік үшін жан қиғандар – 3). Атаулы әлеуметтік көмек 1238 отбасындағы 6954 адамға 473,6 млн теңге, тұрғын үй жәрдемақысы 102 отбасындағы 481 адамға 1,4 млн теңге төленді. 122 отбасыдағы 128 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 4,7 млн теңге берілді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына бір реттік әлеуметтік көмек 512 адамға тағайындалып, 39 млн 618 мың теңге төленді.
Төтенше жағдайға байланысты 6548 адамға 152 млн 832 мың теңге көлемінде азық-түлік топтамасы берілді.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама жыл басынан 729 отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1166 балаға азық-түлік топтамасы және тұрмыстық химия тауарлары берілді (74 млн 271,1 мың теңге).
2021 жылға атаулы әлеуметтік көмекке 816,6 млн теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 262,7 млн теңге бөлінді.

 

Есепті кезеңде 5474 адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық 4,4 пайызды құрады. Оның ішінде 170 адамға қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту курстарына жолдама берілді. 196 адамға шағын несие (754,8 млн теңге) және 1225 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант берілді (680,1 млн теңге). «Бастау бизнес» жобасы аясында 372 адам оқуға жолдама алды. 300 жас жастар тәжірибесі бойынша, 98 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1164 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 1949 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Биыл жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 291,7 млн теңге, жастар тәжірибесіне 61,2 млн теңге, ақылы қоғамдық жұмыстарға 570 млн теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 12,2 млн теңге, қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 36,2 млн теңге бөлінді.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі