КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов мен төраға орынбасары Мәди Мәтен Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болды.
Аудандағы жұмыс сапары кезінде олар жергілікті партия активімен жүздесті.
Кездесуде аймақтағы партия жұмысын ұйымдастырудың барысы және филиалдың 2021 жылы атқаратын жұмыс жоспарын талқылау мәселелері талқыланды.

 

Өз кезегінде жергілікті жердегі партияның белсенді мүшелері де саяси ұйымның жүмысын жетілдіру, партияның беделін арттыруға қатысты ұсыныс пікірлерін ортаға салды.
Сарысу ауданына жұмыс сапары кезінде Дауыл Ынтықбайұлы мен Мәди Мейірбекұлы «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысына қатысты.
Фракция отырысында «Nur Otan» партиясының Сарысу ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасын талқылады.
Сапар соңында Дауыл Бейсенқұлов пен Мәди Мәтен Сарысу ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы Бақытжан Жақсылықовпен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы «Nur Otan» партиясының рөлін нығайту мәселесін сөз етті.

 

САРЫСУ АУДАНЫ