Ақпараттық соғыс – ең қауіпті соғыс

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына!

Ұлттық құндылықтарға қарсы сайттар арам пиғылдарын жасырмай отыр!

 

«Немолчи», «Feminita.kz»-нің көксегендері не?

Елімізде ұлт мүддесіне қарсы жұмыс жасап жатқан көптеген сайттар мен мысық тілеулі әлеуметтік желілер жетерлік. Көбісі мемлекеттен тікелей қаржыланып отырғаны жанға батады. Сайттарға тендер бергенде 100-300-500 мың оқырман болуы керек деген талап бар. Әрине бұл талаптар олардың оң жамбасына дөп келіп тұр. Өйткені елімізде ресми тілдегі оқырмандар саны үстем. Сосын әлеуметтік желінің кеңістігінде Ресей оқырмандары да жетіп артылады. Мұның бәрі жат пиғылдағы сайттарға желік бітіріп, құтыртып отыр. Тым Ресейшіл сайттар мен порталдардың артында кім тұрғанын нақты айту қиын. Емін-еркін іс-әрекеттеріне қарап отырып, дәу де болса шетел қаржыландырып отырғанын ішің сезеді. Бірақ оны арнайы мемлекеттік құрылымдар зерттеп-зерделемегесін біздің сөзіміз кімге дәрі? Егер билік басында ұлт болашағына алаңдайтын шенеунік болса, ақпараттық соғыстың арты сутегі бомбасынан да қауіпті екенін ескеруі керек. Қазір әлемді ешкім қарумен, басқыншылық әрекетпен қорқыта алмайды. Тек ақпараттық майданға бар байлығын салғандар ғана жеңімпаз атанбақ!

 

 

Бір ғана мысал айтайық, бір кезде елді шулатқан «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын қолдап-қуаттаған сайттардың көш басында «НеМолчи» сайты тұрды. Қазақтың салт-дәстүрінен аулақ, таным-түсінігінен алшақ, тілі мен ділінен бөлек осы сайттың салған лаңы мен батысшыл көзқарасы атан түйеге жүк болары анық.
«Әйел құқығын қорғаймыз» деген олар ақырында психикалық ауруға ұшыраған Сымбат (Құлжағарова) сынды келіншекті күйеуінен қорлық көрген ана кейпіне түсіріп, әлеуметтік желіге арбалған көпшіліктің (негізгі оқиғадан бейхабар адамдардың) қолдауына сүйеніп, ойларына келгенін жасады. Ақыры орны толмас қайғыға апарып соқты. Аңырап бала, абдырап күйеуі қалды. Егер олар тап солай «құйындатпағанда», батысқа қарап «ұлымағанда» «кім біледі?» деген сұрақ әділет сүйгіш көптің көкейінде кептеліп тұр.
Нақтылап айтсақ, батыстың заң жобасын кіргізуге құлшынып жүргендердің қиял жетегінде – жеке басы мен құлқындарын ойлаған, сол алпауыт қожайындарға деген құлдық сана жатыр.
Ең өкініштісі, Қазақтың болашағына шырылдап, алаңдап жүрген жанашыр белсенді топқа қарсы пікір таратушы «жанашырсымақтың» біразы өз Қазақ ұлтынан шыққан қазақ қыздары мен аналары екенін айтпасқа болмай тұр. «Балық басынан шіритінін» ескерсек, аналар азғындыққа бастаса, ұлтымыздың тағдырына сына қағылды деген сөз! Мұның арты – қасірет емей немене?!
Ұлт саясатына теріс қарайтын әлеуметтік топтарды, тағы айтамыз, електен өткізіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлы дала» жайлы, «Мәңгілік ел» туралы, «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» жайындағы жолдаулары мен мақалаларына «бас имейтін» сайттарды кім қаржыландырып отырғанын анықтайтын уақыт келді. Әйтпесе ертең бәрі кеш болуы мүмкін.
Еліміздің болашағына қиянат жасаушылардың өз ішімізді ірітіп жатқанын білу тіптен қиын емес. Ол үшін ниеті басқа, арманы қасқа әлеуметтік желілерге тіркелген топтар мен «өзгенің қаңсығына таңсық» сайттарды ашсаңыз жетіп жатыр.
«feminita_kz» деген сайт бар. Басына «Бодипозитив не экстремизм!» деп жазып қояды үнемі. Инстаграм парақшасын оқып отырып жағаңды ұстайсың. Бір ғана мысал: «В прошлом посте мы призывали вас помочь художнице и активистке из Комсомольска-на-Амуре, РФ, Юле Цветковой, которую обвиняют за распространение порнографии. Дело завели за бодипозитивные иллюстрации женского тела, в которых акцентируется внимание на разнообразии телосложения: будь оно с волосами, мускулами, жиром или сединой. И теперь активистке грозит от до 2 до 6 лет колонии. Как можно помочь Юле читайте подробнее по ссылке: https://www.instagram.com/p/CB5H51Mj4DM/
Команда Казахстанской феминистской инициативы «Феминита» тоже выложила иллюстрации в знак нашей солидарности и поддержки Юлии. В частности, один из постеров (менструирующей женщины) показывала Жанар Секербаева вместе с другими феминистсками на фотосессии, посвящённой дестигматизации менструации и была задержана полицейскими неделей позже в 2018 году. Как оказалось, фотосессия о менструации нарушила общественный порядок и задела чувства прохожих в Казахстане. Об этом событии вы сможете прочесть на нашем сайте по ссылке: https://bit.ly/3dyrKpc.
Уже произошло несколько случаев, когда ЛГБТ-активисток привлекают по обвинению (читаем: по ложному обвинению) в распространении порнографии.
Характерен случай транс женщины Мишель из Брянска. Суд осудил её на 3 года лишения свободы за размещённые иллюстрации в стиле «хентай». Благодаря поддержке активистов_к и всех неравнодушных людей дело Мишель было пересмотрено и в июне 2020 года ей заменили наказание на исправительные работы.
Призываем вас поддержать Юлю и других активисток. Женское тело — не порнография и не нарушение порядка!».
Тап осы сайттың ұстанымы адамшылыққа сай ма? Бұдан да сорақы жазбалар тұнып тұрған. Бәлкім, оларға «қарапайым» көрінетін дүниелер, өзгелерге анайылық болуын неге ескермейді? Қай қазақ әйел затының бойындағы «өзгерістерді» сурет арқылы жарнамалап, одан «ұлы туынды» күтіп еді. Естімеген елде көп деген осы екен-ау!..

 

 

 

Арам пиғылды сайттардың «бірсаусақтары  бүгулі»

Ал осы «feminita_kz» — тің қазақша нұсқасы да әйел құқын қорғаушы болып көрінуге талпынып жатыр. Ол жерде: «Әйел маршы болады!» деп жазылыпты.
«Белсенді әрі феминист Жамиля мен Эйри Алматыда 8 наурызда Әйел маршын ұйымдастыруға өтініш білдірді. Бұл күн – кемсіту мен теңсіздікті болдырмауға үлес қосып, пікірлестік пен құрбыластық танытып және ең алдымен өз құқығы үшін күресіп жүрген әртүрлі әйелдер ынтымағының бүкіл әлем бетінде атап өтілетін тарихи күн екенін еске саламыз.
Осы жылы ұйымдастыру барысына «КазФем», «Феминита», «FemAgora», «Фемсреда» және «SVET» қоғамдық қоры қосылады. Марш тақырыбы — «Әртүрлі әйелдер құқығы мен белсенділігі» жайдан жай таңдалған жоқ: осылайша феминист, квир-белсенді және ынтымақтастар барлық әйелдер мен өзін әйел санайтын түрлі әйел бар екенін және олардың жетістіктерін көрсетуді мақсат қылады. Марш ұраны өзгермей «Әрбір әйел — жалғызым!» болып қалады» дейді.
Көріп отырсыздар ма, «өзін әйел санайтын» түрлі әйел бар екенін еске салып тұр. Бұл деген қазақтың ата-дәстүріне қайшы нәрсе ғой. Демек өзін «әйел санайтын» гейлерге де рұқсат екенін астарлап беріп отыр. Анасын ардақтаған, қызын жылатпаған қазаққа осындай сайттың керегі бар ма?
Талай отбасының тәлкегін шығармаққа оқталған ««Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын осы «feminita_kz» қаншалықты жан сала қорғағанына мына ақпарат жеткілікті болар.
«Гендер не равен полу. 17 ИЮНЯ, 2020
Казахстанская феминистская инициатива «Феминита» и ОФ «Фонд развития парламентаризма в Казахстане» совместно провели 16 июня в онлайн-формате экспертную встречу по обсуждению проекта Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам семейной и гендерной политики».
Встреча стала первым шагом в общественной дискуссии о замене концепта гендера на понятие «пол». К сожалению, этот процесс с самого начала являлся непрозрачным (и до сих пор остается), нет никаких объяснений, почему и зачем депутаты_ки принимают такое неоднозначное и противоречивое решение, которое затронет все казахстанское общество. Несмотря на то, что на экспертную встречу были приглашены парламентарии, инициировавшие поправки, в частности Ирина Унжакова, они не смогли принять участие в онлайн-дискуссии. Поэтому мы оперируем аргументами тех участников_ц, которые представили свои мнения и доводы…».
Ал мына мақалаға не дейсіз? «17 ДЕКАБРЯ МЕЖДУНАРОДНЫЙ ДЕНЬ ЗАЩИТЫ СЕКС-РАБОТНИЦ_КОВ ОТ НАСИЛИЯ И ЖЕСТОКОСТИ. 17 ДЕКАБРЯ, 2019BY ЖАНАР СЕКЕРБАЕВА
Казахстанская феминистская инициатива «Феминита» поддерживает объединения, выступающие за права человека. Мы, как команда активисток, феминисток и ЛБК-активисток, выражаем солидарность с секс-работницами…».
Егер мемлекеттік тұрғыдан бақылауды күшейту керек болса, бұл сайттан бұдан да сорақы дүниелерді кездестіру қиын емес.
Айтпайын десең болмайды, көргенің жүректегі шерді қозғайды, осы httpwww.feminita.kz. сайтында бір кездері Ұлы Абай мен Ұлы Пушкин сүйісіп те тұрды. Бойында әлі ұлттық уызы бар жұрт шошып кетті. «Бұл нені жарнамалау?» деп шу да көтерді. Бірақ селт еткен үкіметті, елп еткен сайтты көрмедік….
«ДругВокруг» сайтына кірсеңіз де, оқырман тарту үшін барын салады. Қазақша қосымшасы бар «nur. kz, «stan.kz » cайттары да ұлттық құндылықтан жұрдай, адам айтуға аузы бармайтын материалдармен оқырман тартып отыр. Оның ішінде кім жоқ дейсің, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жүр. Әй, қу ақша-ай, сенің «құдіретің» мұнша күшті болар ма? Ал халық көп кіретін «ДругВокруг» сайтының мақсаты не? Адамды жаман нәрселерге үйрету ме?
Түйін сөзге айтарымыз, қазір орыстілді сайттардың дені қазақ тілінде ақпарат тарата бастады. Бірақ қажетті контентінің сұры: қыз зорлау, төсек мәселесі, байдан шығу секілді белден төмен ұятты мәселелерден аспай отырғанын айтпай кету арға сын!
Nur.kz Karavan.kz-тердің (көп қой, мұндай сайттар) басты жазатын тақырыбы — біздің қаржылық сауатын аша алмай жүрген қазағымызды азғын жолға түсіретін материалдар. Мемлекет осыларға миллиардтап қаржы құйып жатқанын ұмытпайық. Орыстілді сайттар қазақ ұлтының мәселесіне келгенде қашан білек сыбанып еді (әрине, журналистиканың мақсаты тек анық, шынайы ақпарат тарату). Қазақтың мәселесіне жүрегі дір етпейтін көп сайт ұлтты қаралауға келгенде өзінің мақсаты тек ақпарат тарату екенін ұмытып, түрлі формалармен қазаққа қарсы тұяқ серпіп қалатынын шыққыр көзіміз күнде көріп жүр.
Рас. Қазір қазақ сайттарына қиын соғып тұр. Қазақтың мұңын айтар мақала шықса болды, сайт түрлі шабуылдарға тап болып, жалп етіп сөнеді де қалады. Қазір қазақтілді IT мамандар жетіспейді. Қазақ тілді сайттар ғана емес, әлеуметтік желілердің жұмысы тоқтап қалатын кездерді де көріп жүрміз. Қиындық осы жағынан тумаса, бәсекелестік мәселесіне келгенде орыстілділерден қазақ сайттары бір де кем емес.
Бұл орыстілді сайттардың техникалық тұрғыда қауіпсіздігі мықты дамығанын көрсетпейді. Бұл — ақпараттық майданда қазақ тіліне тұсау болатын нәрселердің көптігі деген дұрыс болар.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінен біз сөз еткен сайттар мен әлеуметтік желілердегі топтарды кімдер қаржыландыратынын және олардың ұстанған бағытын қатаң бақылауға алуды өтінеміз. Бұның бәрі ел тұтастығы мен ынтымағына сызат түспесін деген ойдан туып отыр.
Көбіне қазақ тілді сайттар ұлттық құндылықтарды насихаттауға бар күшін салады. Ал бүгінгідей арзан дүниелер алдыңғы орынға шыққан заманда, қияс тартқан, ақшаға құныққан орыс тілді сайттар мен порталдар ойына келгендерін жасап жатыр. Тіпті өз сайттарын әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, эротикалық, тіпті порноларды ашық көрсетуге әуес. Бұған албырт жастар мен аңғал жандар шырмалып қалып жатыр.
Осылайша ұлттың ақшасы, «бұттың» арасынан әрі аса алмай, кім көрінгеннің сасық саясатының қолшақпарына айналып үлгерді. Егер бұларды тыңғылықты зерттеген жағдайда, әлі талай құпияның ашыларына сеніміміз зор.

Нағашыбай Қабылбек,

Халықаралық “Qazaqstan dauiri” газетінен