«Наурыз мейрамын жаңаша өткізу тұжырымдамасын» ҚОЛДАУ ХАТЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р.Райымқұловаға
Құрметті, Ақтоты Рахметоллақызы!
Халқымыздың рухани құндылығының бірі саналатын Наурыз мейрамы ӛз
деңгейінде ӛткізілмейтіні турасында қоғамдық пікір әбден қалыптасты. Бұл тақырып
жоғары мінбелерден талай рет қозғалды. Алайда жағдай ӛзгеріссіз қалып келеді. Ел
егемендігіне 30 жыл толатын биылғы Сиыр жылы ӛз деңгейінде Наурыз мерекесінен
басталғаны құба-құп.
2021 жылғы 5 қаңтарда жарияланған ҚР президенті Қ.К.Тоқаев ӛзінің
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы мәселені «…Наурыз мейрамын
атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта
түскен жөн» деген жолдармен ресми түрде қозғап ӛткені де бұл тақырыпты саяси
сипатқа шығарып отыр.
2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылған наурыздық
жаңаша мерекелеуге елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысып: «Ұлыстың Ұлы күні
қарсаңында осы сіздердің өңірде 9 күнге 9 атау беріп, әр күнді әз-Наурызға тән ізгі
істерменен өткізу құптарлық бастама» — деп ӛз ризалығын білдірген мерекелеу
нұсқасы мәдениеттанушы Серік Ерғалидың «Наурыз мейрамын жаңаша өткізу
тұжырымдамасы» негізінде ӛткен еді.
Ежелгі түркілік күнтізбе бойынша мүшелдік жаңа жыл 14 наурызда кіреді, Күн
мен Түннің теңелу күні 22 наурызда екенін ескерсек, Ұлыстың ұлы күнін 9 күн бойы
мерекелеуге лайық екені сӛзсіз. Және де белгілі ойшыл, этнограф Мәшһүр-Жүсіп
Көпейұлы ескі күнтізбемен 1-8 наурызда (кәзіргіше 14-21 наурыз аралығында)
Бұхарада болған 8 күндік ресми мерекеге қатысқанын да куәға тартып жазғаны тарихи
дерек.

 

2016 жылы ҚР Ұлттық музейінде ғылыми конференцияда Наурызды жаңаша
мейрамдау тұжырымдамасының аталмыш 9 күндік мерекелеу нұсқасы таныстырылып,
кеңінен талқыланды, жоба ғылыми ортадан қолдау тапты. Ӛңірлерде бұл Наурыз
фестивалі 2013 жылы Шымкент қаласынан бастап ӛткізіліп келеді және оған басқа
ӛңірлер де қосыла бастады.
Біз де осы жобамен таныса отырып, Наурыз мерекесін биылғы 2021 жылдан
бастап, 14-22 наурыз аралығында елдік ауқымда 9 күндік фестиваль түрінде атап ӛтіп,
құндылықты ӛз дәрежесінде ұлықтауды мақұлдаймыз.
Сонымен бірге Мемлекеттік мерекелер туралы заңға ӛзгеріс енгізе отырып, 23
наурыздағы демалыс күнін мүшелдік Жыл басы ретінде 14 наурызға ауыстыруды да
қолға алғанымыз лайықты шешім болар еді.

 

 

Мемлекет және қоғам, өнер мен әдебиет қайраткерлері, ғалымдар, журналистер,
белсенді азаматтар:
1. Мыңбай Дархан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
2. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
3. Смағұл Бақытбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
4. Саиров Ерлан Бияхметович, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
5. Сарым Айдос Әміроллаұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
6. Шаханов Мұхтар,ақын,драматург, мемлекет және қоғам қайраткері,
Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы
7. Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы,ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының тӛрағасы
8. Асанқазы Оразгүл, мемлекет және қоғам қайраткері
9. Қамзабекұлы Дихан, ҰҒА академигі, филолог, әдебиет тарихшысы, филология
ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), алаштанушы.
10.Есім Ғарифолла, философия ғылымдарының докторы (1994), профессор
(1995), Қазақстан ғылым академиясы-ның академигі, абайтанушы
11.Салғара Қойшығара, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
иегері,жазушы, тарихшы-ғалым, профессор
12.Әбсеметов Марат Оралбайұлы, ҚР Кӛркем Академиясының академигі, тарих
ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор
13.Артықбаев Жамбыл Омарұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор
14.Қабулдинов Зиябек, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор
15.Айсұлу Қадырбаева,ақын,жазушы, қоғам қайраткері
16.Орақ Әлиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ғылымтанушы,
қоғам қайраткері
17.Пириев Аскер Аллавердиевич, Нұр-Сұлтан қаласындағы Түрік этномәдени
орталығының тӛрағасы
18. Елеукен Есентүгел, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық
бірлестігінің Президенті