Білімді адам ақылды ма?

Бірде Жәбірейіл алейһиссалам ақыл, ұят және иманды Адам алейһиссаламға әкеліп былай депті: – Ей, адам! Алла Тағала саған сәлемін айтты. Алып келген мына үш сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды.

Адам алейһиссалам:
– Әкелген бұл үш сыйлықтың ішінен ақылды қабыл алдым.
Жәбірейіл алейһиссалам иман мен ұятқа қарап:
– Сендер бара берсеңдер болады, – дейді.
Сонда иман оған:
– Алла Тағала маған ақыл қайда қалса, сен де сонда қал деп бұйырған. Сондықтан мен ақылдан айырылып кете алмаймын!
Ұят та:
– Алла Тағала маған да дәл солай бұйырған. Мен де ақылдан айырылып кете алмаймын!,  – депті.
Демек, Алла Тағала кімге ақыл берсе, ұят пен иман онымен бірге болады. Ақылы болмаған адамның ұяты да, иманы да болмайды. Бұдан шығатын тұжырым не?

Жалпы, адамның ақыл-ойлы­лығы мен имандылығы және ұятты кісі екенін оның болмыс-бітімі­нен, сөйлеген сөзінен, жүріс-тұры­сынан айқын аңғаруға болады. Бі­рақ адамға ақыл қайдан келеді? Оның барлығы да мидың салма­ғына қатысты ма, жоқ әлде білім­нен, ізденуден бе, «оқып туғаннан» ба?
Баз біреулер ұлы ойшылдар ғана қателік жасамайды дер. Бірақ, өмірде күлкі келтіретін өз көріні­сінен өліп кеткен ақылдылар өте көп. Мысалы, XVII ғасырда өмір сүр­ген сарай композиторы Жан-Ба­тист Люли король үшін музыка жа­зып, патшасының өмірін жыр­лап, сырнайлатып өткен. Өнерге деген махаббатты қашанда жоғары қойған ол, репетиция кезінде ша­быт­танғаны сонша лық, артындағы сынық еденге аяғынан тығып алып, содан зардап шеккен. Қан­та­мыры зақымданып, ақыры содан өлген. Грек философы Хрисиптің әрекетін жындының ісіне балар­сыз. Ол есектің астаудағы арақты ішіп, масайған түріне қарап, күл­кісін тоқтата алмай, ішегі түйіліп, өмірден бір демде өтіп кеткен. Атақ­ты иллюзионист Гарри Гуди­ни­дің өмірі де аянышты, сиқырлы көріністерімен талайды табын­дыр­ған Гарри көз алдында көрер­менінің қолынан қаза табады. Ауыр жүк пен әртүрлі сымдарды де­несінен өткізіп жүрген сиқыршы кезекті бір қойылымда көрерменді сахнаға шақырып, ішінен ұруды сұрайды. Бұл әрекеттің соңы қай­ғылы өліммен аяқталды. Қара­пайым адамның соққысына шыдай алмай, ол өмірден өтті. Мына бір көрініс те таңғалдырмай қоймай­ды, француз сазгері Клод Фран­суа­ны электр тогы соғып өлтірген. Ақылды сазгер ақымақтық жаса ған, су толы ваннаның ішінде тұ- рып, сөніп қалған электр лампа­сын ауыстырып, орнына жаңасын салмақ болған. Нәтижесі… Өлім!
Негізі адамның ақылдылығы оның миына қарап бағаланады де­сек, бұл дұрыс па? Егер осы пікірге ден қоятын болсақ, ауыр салмақты ми – Тургеневтікі (2012 грамм), ал Эйнштейндікі – 2000 грамм.
Психологияда «интеллект коэф­фициенті» деген бар. Бұл ере­же бойынша адамның өресінің мықтылығын арнайы тест сауал­дары арқылы анықтайды. 1912 жы­лы неміс ғалымы Штерн енгіз­ген бұл жүйе шындығында әлемдегі кімнің ақылды, логикалық жа­ғы­нан ойлау, тез арада шешім табуы­мен, тапқырлығымен өлшенеді. Кім бұл сұрақтарға көбірек дұрыс жауап берсе, сол данышпан. Бірақ, ол қаншалықты қисынды? Мы­са­лы, Штерннің арнайы тест ережесі бойынша 0 ден 19-ға дейінгі бірлік көрсеткіші бар адамдардың ақыл-ойы дамымаған болып саналады. 20-36 бірлік – кеш дамуы, 69-85 бір­лік – орта деңгейге жақындауы, 86-144 бірлік – орта деңгей, 115-124 бірлік – орта деңгейден биік, 125-134 бірлік – ақылы толысқан, ал 135-тен жоғары көрсеткіш – да­нышпан деп саналады екен.
Олай болса ғаламға аты мәш­һүр танымал тұлғалардың ой-бір­лік өлшемін сараптап көрейік. Мы­салы, жазушы Онере де Баль­зак­тың өре өлшемі 187 бірлікті құрай­ды, ал біз сөз еткен ғалым Альберт Эйнштейн­нің бірлігі – 180. Бұл ретте Билл Гейтс – 160, Хиллари Клинтон – 140, Владимир Путин – 134. Джордж Буш – 120, Анджелина Джоли – 118, Алла Пугачева – 106, Бри­тни Спирс – 98, Пэрис Хилтон – 70.
Бұл жерде Штерн тестіне қа­тыс­­ты дау айтуға болар: Мысалы, Пэрис Хилтоннің өре өлшемі «70» деген бірлік санды көрсетіп тұр. Ере­жеге сенсек, оның ақылдылығы «ор­та деңгейге жақындау» болып есеп­теледі. Бірақ Пэрис Хил­тон­ның танымалдылығы өте жоғары ғой. Фотомодель, дизайнер, әнші, акт­риса, әлемдегі атақты «Hilton­Hotels» қонақүйлер желісінің қо­жайыны ретінде оны бүкіл әлем бі­леді. Салыстырмалы түрде қа­райық. Мысалы, Гетенің өре өл­шемі 200 бірлікті құрайды. Бұл орай­да Ньютон мен Вольтер – 190, Га­лилея – 185, Леонардо да Винчи – 150, Бах пен Дарвин – 140, Коперниктің өре өлшемі – 130 бір­лікті көрсетіп тұр. Ал, әлемде қай ұлттың, қай мемлекеттің өресі биік? Жалпы, таразыға салар бол­сақ, әлемдегі халықтың 50 пайы­зы­ның өресі 90 мен 110 бірлікті құрайтынын айта кету қажет. Жер шары тұрғындарының 2,5 пайызы ақылы толыспаған, миы дамымай қалған деп есептелінеді. 2,5 пайы­зы ортадан, қалғаны ортадан жо­ғары, ал 0,5 пайызы ақылды адам­дар санатына жатқызылады екен.
Тарихтың танымдық парақ­тарын сараптар болсақ, ақылды болғанымен ақымақтық әрекет жасайтын атақтылардың қатары аз емес. Атақты Jack Daniel’s вис- киінің иесі Джек Дэниэл қаны за­қымданғаннан кейін алты жылдан соң өзі істеген ақымақтық әре­кетінің зардабын тартты. Джек сей­­фінің паролін ұмытып қалып, оны аяғымен теуіп, сындырып аш­қан. Ақырында аяқ тамырын сейф­тің темірі қиып кетіп, қаны ірің­деп кетіп, қайтыс болған. Ақыл­дылар­дың қисынсыз әрекеті кей­де тіпті күлкілі көрінеді.
XVI ғасырдың астрономы Тихо Браге өзінің әріптесі Исаак Нью­тон­ға көмектесіп тұрып, көз жұм­ған. Ньютонның бүкіләлемдік тар­­тылыс күші теориясына лабо­ра­торияда сынақ жүргізу сәтінде әжетханаға баруға уақыты болмай, қуығы жарылып, дүниеден өткен. Ол уақытта зерттеу жұмыстары біт­кен­ше, ешкім үстелді тастап кете ал­ма­ған. Сөй­тіп, 11 күн­­нен кейін Ти­хо Бра­ге ауруханада қай­­тыс бол­ды. Атақты аст­ро­ном сөйтіп, бүкіләлемдік тар­­тылыс күші теория­сының ашылуын күтпей, «жұмыс­қа деген жауапкершіліктің сал­дарынан» зардап шеккен күйі дү­ниеден өтті. XVI ғасырдың ұлы ой­шылы, қоғам қай­раткері атағы дардай, елге есімі бел­гілі Фрэнсис Бэкон басына ғала­мат бір идея келіп, со­ны жүзеге асыр­маққа бел байлай­ды. Ол тауық етін сасытпай сақ­тау­дың жол­дарын іздеп, оны қардың ас­тына көму арқылы жаңа әдіс із­де­мек болады. Ақырында, тауық емес, өзі қарлы боранда үсіп өледі.
Жалпы, білім мен ақылдың өл­шемін таразылар болсақ, мынадай қисынды салыстырмалы жағдай­ла­рға тап боласыз. «Білім – тек көп оқу мен есте сақтау қабілеті арқы­лы келеді. Ал, ақыл – туабітті  пай­да болады. Негізінен білімді адам­ды мүлдем ақылсыз деп айтуға кел­­мес, бірақ білімді болу үшін он­­ша көп ақылдың керегі жоқ»,  – дейді фәлсапа соғушылар.
Ал, қазақы танымға салсақ, ақыл мен білімнің кені – Абай. Бұл ту­ралы Абайдан артық айтқан еш­кім жоқ. «Есті адам орынды іске қы­­зығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ой­­ланса көңіл сүйсінгендей бо­лады екен. Естілердің айтқан сөз­дерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті бо­лады. Естіген нәрсені ұмыт­пас­тыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ ке­рек; ▫екінші – сол нәрсені есті­ген­де я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек: ▫төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, са­­лынбау керек» дейді қазақтың да­нышпаны.
Сонымен қатар Абай он бесін­ші қара сөзінде «Егерде есті кісі­лер­дің қатарында болғың келсе, кү­нінде бір мәртебе, болмаса жұ­масында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол ал­дыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қа­лай өткіздің екен, не білімге, не ахи­ретке, не дүниеге жарамды, кү­нінде өзің өкінбестей қылықпен өт­кізіппісің? Жоқ, болмаса, не қы­лып өткізгеніңді өзің де білмей қа­лыппысың?», – дейді.
Демек, өз-өзіне есеп беріп, байып­пен жүру естілікті, ақыл­ды­лық­ты көрсетеді емес пе?

                                                                                                                                  Дайындаған: Елана Кз.