АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУДА

Бүгін Сәрсенбі күні Сарысу аудандық адалдық алаңында аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов тұрғындармен санитарлық талаптарды сақтай отырып, қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында 30-ға тарта азамат түрлі мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін айта келді.
Көбіне тұрғын үй, жұмыспен қамту, жер, әлеуметтік көмек тақырыбындағы мәселелер көтерілуде.
Қабылдауға әр саланың басшылары қатысып, мүмкіндігі барынша дер кезінде жауаптары берілуде.
Ал, кейбір жағдайларда Заң аясында шешілетін түйткілді жәйттердің шешілу жолдары айтылуда.

 

Осы қабылдау кезінде тұрғылықты мекен-жайға тіркелу, жұмыспен қамту, бір реттік әлеуметтік көмекпен қамту секілді 5 азаматтың өтініштері дер кезінде қанағаттандырылды.
Осындай кездесулерден бөлек аудандық ресми әлеуметтік желі парақшаларында және аудан әкімінің жеке парақшасына келіп түскен сауалдарға да жауап берілуде.

 

 

Сарысу ауданы