Афоризм кітабынан…
- Ренжу деген жағымсыз көңіл-күймен өмір сүру деген сөз. Ал, жағымдысы жоқ өмір ешбір жақсылыққа бастамайды. Жан-жүрегімізде ненің оты лауласа, соның жылуын таратамыз. Ренішпен өзімізге жағымды нәрсені тарта алмаймыз. Бұл өмір заңына қарсы.
- Еркектер өзін керек сезінгенде рухани өсіп, күш-қуаты тасиды. Ал, әйел өзіне деген шынайы қамқорлықты сезінгенде шабыттанады.
- Жас айырмашылығы деген бір алынбас қамал сияқты. Дегенмен, сананың айырмашылығы жанында ол түк емес.
- Бақытты әйел бір сәтте әлсіз болып шыға келеді. Егер жаныңыздағы әйел әлі де мықты болса, онда сіз оны бақытты ете алмағаныңыз…
- Бір түнде бүкіл өміріңді өзгерте алмайсың. Бірақ бір түнде келешегіңді біротала өзгертетіндей ой-санаңды түп-тамырымен өзгертуің мүмкін.
- Махаббат деген түнде терезеден гүл сыйлау ғана емес… Махаббат деген өзгенің жанын лас аяқ киіммен таптамау…
- Ұсақ-түйекке бас қатыру үшін тым ересекпін. Бірақ оларды мүлде байқамауға менің болмысым тым нәзік.
- Бір сәтте бәрі оп-оңай, жеңіл, артық болып кетеді деп күтпе. Қиындықсыз өмір жоқ. Дәл осы сәттен бастап бақытты болуды үйрен. Әйтпесе, үлгермей қалуың да ғажап емес.
- Қалай өмір сүргің келсе, солай өмір сүр. Бұл өзімшілдік емес. Өзімшілдік өзгелердің де сен ойлағандай жүріп-тұруы керек дегеннен туындайды.
- Жалғыздық әйелді бұзады. Ол барлық қиындық пен түйткілді ешкімге сенбей, өзі шешіп дағдыланады. Ең жаманы, осылай істеу дұрыс дегенге сенуден басталады.
- Жақсы еркектің аздығы есерлерге жабысуға себеп емес.
- Жас күніңде көп нәрседен бас тартып, қартайған соң дәмін татып көрермін деген үмітпен өзіңді алдама.
- Жаныңды дір еткізіп, артынша оған түкірген адамға деген жек көрушілік өте күшті болады. Өзіңізді өзгертіңіз. Жек көрушілікті аластаңыз.
- Бақыттың төрт құрамдас бөлшегі бар: жақсы ата-ана, адал дос, асыл жар, дені сау ұрпақ.
- Жүрек кім болса соны таңдамайды. Ол өз жартысын сезеді.
- Әйел деген жаңғырық. Оны қалай шақырсаң, солай жауап қатады…
- Әйелдің жалғыз қалуы қорқынышты емес. Ең қорқыныштысы екеу болып жалғыздықта қалуы.
- Қоқысты тастауды ұмытпаңыздар. Шелектен, жан дүниеңізден, өміріңізден.
- Еркек өмірде дұрыс мақсат қоя білуі керек, ал әйел дұрыс мақсаты бар еркекті табуы қажет.
- Қолыңнан келгеннің бәрін жаса. Қолдан келмегенді Құдай береді.
Аударған: Шынар Әбілдә