«Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев!» атты аудандық байқау өтті

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай үлкен залда: «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев!» атты аудандық байқау өтті. Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы-Мәлік Мұқашев байқауды ашып, іс-шараның мәні мен мақсатына тоқталып, қатысушыларға тілегін арнады. «Поэзия! Менімен егіз бе едің?! » атты бірінші кезеңде үміткерлер ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса,
«Есіңе мені алғайсың.» атты екінші кезең ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындауға арналды. Байқауға 27 үміткер қатысып, нәтижесінде, бірінші кезең бойынша-мойынқұмдық Балнұр Бекқұлы, көкжелектік Нұргүл Абылай, назарбековтық Эльвира Махан 3-орынды иеленсе, хантаулық Әлфия Сарыбаева, мыңаралдық Қарашаш Мәкеш 2-орынды алды. Күшамандық Мәдина Кемелбек пен хантаулық Сержан Туғанбайға 1-орын берілді. «Бас жүлдеге» биназарлық Бақытжан Қияш ие болды.

 

Екінші кезеңде, ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңіне жазылған Елена Әбдіхалықованың әнін орындаған назарбековтық Дана Ақылхан 3-орынға іліксе, бірліктік Аружан Жолдасбек- Мұқағали ақынның «Туған өлке»өлеңіне жазылған Тұрсынжан Шапайдың әнімен 2- орынға шықты. А.Кенжебекова әуен шығарған, «Өмір сүрейік алмасып!» (немесе Жас қайың) әнімен, биназарлық Іңкәр Жеңіс 1-орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ, Аудандық орталық кітапханасы мәдениет үйінің фоэсінде «Мұқағали-мәңгілік өмір» атты мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
Байқаудың мақсаты: М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.