АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ
“Қоғамның даму барысын өмірде-нәзік, көңілде-биік, ал істе-мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес” деп Елбасымыз айтқандай, халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі деп бағалаған.
Ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, есімдерін тарих бетіне жазған аналар ауданымызда да жетерлік.
Бүгін Сарысу ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олжас Көкей көпбалалы бір топ аналарды қабылдады.
Қабылдауда аналар облыс әкімінің құттықтауын онлайн түрде тыңдады.
Содан соң О.Көкей 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданның түрлі саласында еңбек еткен бір топ аналарды қабылдап, ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында өз пікірін білдірді.
Қазіргі таңда Сарысу ауданында көпбалалы отбасылар саны 1655, оның 1142-сі алтын, күміс алқа иелері.
Ал, Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы аналар саны -1380.
Оның ішінде 1015 ана 4 бала және одан жоғары балалары бар аналар, яғни мемлекеттік жәрдемақы алатындар.
365 ана “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, Батыр ана, 1-2 дәрежелі “Ана даңқы” медаль иелері және көп балалы аналарға барлық әлеуметтік көмектер жасалып жатқанын тілге тиек етті.
Кездесу барысында аналарды мерекемен құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті.
Игі істің жалғасы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында ұйымдастырылған іс-шарамен жалғасты.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы