АНАЛАР АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАН КҮН

Тіршіліктің тынысында тағы да бір жылдың күлімдеп, таң арайын атқызған наурыз айы да келіп жетті .
Көктеммен бірге келетін жылулықтың, әдеміліктің, сұлулықтың, символдары бола білген ақ жаулықты аналарымыз бен аяулы аруларымыздың халықаралық мерекесі келеді.

 

Жылына бір келетін осындай көңілімізге қуаныш ұялатар мереке қарсаңында, Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Олжас Көкей ардақты аналарымызды үйлеріне барып мерекесімен құттықтап сый-сияпат көрсетті.

 

Аналарымызды құттықтау барысында «Елдің болашағы үшін жастайынан еңселі еңбек етіп, ұрапақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан алтын құрсақты аналарымыз қашанда құрметке марапатқа лайық.
Ана — тіршіліктің нәрі, ана- өміріміздің мәні, Бүкіл әлем қаситеіне бас иетін аналарды құттықтау аудан бойынша барлық округтер де өз жалғасын табатын болады» деп жылы лебізін білдірді аудан әкімінің міндетін атқарушы.

 

Меркелік құттықтау кезінде ақ жаулықты аналарымыз елде жасалып жатқан оңды істерге ризашылығын білдіріп, ақ тілек баталарын берді.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы