АСХАТТЫҢ АРУЛАР МЕН АНАЛАРҒА АЛҒЫСЫ

Құрметті Сарысу ауданының арулары мен ақжаулықты аналары!

Аманатқа қиянат жасауға болмас.

Бүгін Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов ұжымымен бірге Сарысу ауданының және Жаңатас қаласының нәзік жандыларына арнайы құттықтауын аудандық баспасөз хатшысына әкеліп табыс етті.

Мұндағы мақсат, барлық аналарымызға, аруларымызға деген қүттықтау, лебізін жеткізу.

— Келе жатқан Халықаралық әйелдер күні – ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесі.

Бүгінгі күннің тың, өзгеше үрдісі әйелге мүлде бөлекше, жаңа заманауи талаптар мен жауапкершіліктер жүктеп отыр.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі, біртұтастығымызды сақтаушы күш.

Қазақта «Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы» деген мақал бар. Әрбір перзенттің парызы — алдымен ана сүтін ақтау, ардақты анаға құрмет көрсету. Кезінде заңғар жазушымыз Ғабит Мүсірепов «Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді» деген екен.

Әлемді, жерді жарық етіп отыратын екі нәрсе бар. Біреуі — Күн, екіншісі — әйел. Ел аузындағы осы қанатты сөз бүгінгі мерекенің ажарын ашып тұрғандай.
Егер әр отбасыда ана бақытты болса, онда тұтас ел бақытты болады!

Бүгінгі жылы сөздер де, құрмет те тек қана Сіздерге арналады. Барша ақ жаулықты аналарымыз бен қыз-келіншектердің отбасына амандық, жұмыстарына береке тілеймін. Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден махаббат, көңілдеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!», — деді Асхат Аманқұлұлы.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы