ҚҰРМЕТ КӨПТІК ЕТПЕЙДІ

Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналарға қандай құрмет көрсетсе де көптік етпейді.

Өйткені, нәзік жандылардың қай салада болмасын бәсі жоғары.

Шуақты көктемнің қарсаңында ауданымызға аудан әкімінің орынбасары болып келген Нұржан Нұралиев, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары Мухаммед Бегеевпен бірге бүгін аналарымызды құттықтауды жалғастырды.

1940 жылы туылған апамыз бүгінде 10 баланың анасы Шолпан Бұқарбаеваны құттықтау сәті.

Шолпан апа ауылшаруашылық саласында тракторшы болып еңбек еткен. Кеңес Одағы кезінде Қазақсатан республикасының Жоғары Кеңесінің депутаты болған.

Ардақты ананың өмірі өнегеге толы.

Бұл жайында бөлек әңгімелеп, жазатын боламыз.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу