БҰЛ ШЕРУДІҢ АРТЫНДА БАТЫСТЫҢ МЫСЫҚ ТІЛЕУІ ТҰР…

ҚР Үкіметінің назарына!

 

«Тоқсан келейін деген жасым ба еді, быламық жейін деген асым ба еді…» дегеннің кебі келіп тұр. Демократия атын жамылып, ойына келгенді істеуге жол ашылды. Ұлттық құндылық аяққа тапталып, дарақылық пен «дара қылық» осылайша жалғаса берсе, мен үшін қазақылықтың қадірі кетіп, қазақы үміттің күлпаршасы шығатын кез алыс емес. Өйткені гендерлік саясатқа желік беріп, желпіндіріп жібергеніміз рас. Олай етпеске де шарамыз жоқ. Әлемге тайсалмай «тіке қарау үшін», БҰҰ – ның назарында болу үшін, жаһандық көшке ілесу үшін кейде «ұлттың асыл қасиеттерін» көзді жұмып жіберіп «аттап өтуге» тура келіп тұр. Қазақта «көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген тәмсіл бар.

Біздің биліктің қазіргі тірлігі соған ұқсайды. Атағынан ат үркетін алпауыт мемлекеттер демократия деген желеумен, ойларына келгенді тықпалап жатыр. Оны сүзгіден өткізіп, саралап, бағалап отыратын ұлттық идеология болуы керек еді, әттең дегізетіні, ол жақтан шығатын үн бәсең. Осындай да ұлттық рухымыз оянып, ұлттық болмысымыз еңсе тіктемесе – қазақ болып жер бетінде қалуымыздың өзі екіталай.

Дәл қазір қазақ жұрты сын сағатта тұр. Ұлт болып қаламыз ба, қалмаймыз ба? Әлде тарыдай шашылып тараймыз ба? Себебі жаһанды жайпап келе жатқан ұлтсыздық пен рухсыздық, білекке емес, етекке қол салды. Бұдан асқан сорақылық болар ма?

Казак-орыстар қазақты ата қонысынан қуып шыққанда әйгілі жырау Мұрат Мөңкеұлы: «Еділді келіп алғаны, Етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны, жағаға қолды салғаны» деп зар еңірегені еске түседі. Менде де тап сондай кеп. Енді қалай, феминизм атын жамылып, әйел құқығын қорғаған болып қазақы танымға жат, салт-дәстүрге қарсы, ар мен ұятқа қайшы әрекеттер белең алып бара жатыр. Бұған немқұрайлы қараудың өзі – сатқындық. Биліктің не ойлап отырғаны белгісіз!

 

 

Ел шулап жатқан феминизм деген не болды екен деп, ең алдымен уикипедияны қотарып көрдім.

Феминизм (лат. femina — әйел) — саяси, экономикалық, әлеуметтік және әйелдердың жеке құқықтарын кеңейтуге бағытталған бірқатар идеологиялар. Сонымен қатар феминизмды саяси, әлеуметтік және сексизмге қарсы қозғалыстар деп атауға болады. Феминизмнің басты идеясы — қоғамның бүткіл саласында әйелдерге еркектермен тең мүмкіншіліктерді орнату. Феминистік қозғалыстар өткен және қазіргі кезеңдердың күресі әйелдерың саяси құқығы үшін, мысалы: мектеп және жоғары білім алу, сайлауларға қатысу, мемлекеттік лауазымға ие болу құқықтар, жұмыс істеу және еркектермен тең жалақы алу құқықтар, жеке меншік және дүние-мүлікке ие болу құқықтар, мәмілелерге қатысу құқықтар, түрмысқа өз еркімен шығу немесе шықпау және неке бұзу құқықтар, ана болу немесе болмау (чайлфри), аборт жасату құқықтар, декреттік демалыс құқықтар, дене дербестігі және тұтастық құқығы (әйелдер мен қыздарды зорлау, жыныстық қысым көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау). Феминистік қозғалыстар әйелдер құқығы саласындағы, әсіресе Батыс елдеріндегі маңызды әлеуметтік өзгерістердің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып саналады. Бірақ қәзіргі кезге дейін Батыс елдерінде де феминизм толық жүзеге асты деп айтуга болмайды (мысалы, Католик шіркеуінің билігінен шығалмай отырған Польшада әйелдерге аборт жасатуға тыйым салынған)… Анықтама осылайша ащы шектей созылып кете береді. Тап осы анықтамадан қазақ ұлттық мемлекетінің ата-бабалар құрған сара жолына бір сөзі де сәйкес келмейді. Демек феминизм – ұйысқан ұлттарды ыдыратып, ой-өрісін құлдыратып жіберудің төте жолы ғана.

Бекболат Қаражан деген азамат жазбақшы, Феминизм – әйел мен еркектің табиғат жүктеген міндеттерін жоққа шығарып, Құдай жаратқан ер мен әйел арасындағы гармониялық балансты бұзып, қазақы отбасылық құндылықтарды жоққа шығаратын құрал.

Біздегі отбасы құндылықтары онсыз да жойылып жатыр. Кешегі әулет институты атымен құрып кетті. Әулетті тыңдататын, ақыл айтатын, жөнге келтіріп отыратын ақсақалдардың беделі де құрып барады. Бұл ұлтты құрту, ақсату, өзегіне құрт түсіру. Қазақ осы қасиеттерінен айырылса, алдағы уақытта қазақ болмайды.

Феминизм ұстанымы қазақы ұлттық отбасылық құндылықты, ұлттық отбасылық институтты түгелімен жойып жібереді. Феминист әйелдер үшін обтасылық құндылық жоқ. Жаратқанның өзі табиғатынан тиесілі еткен әйелге тән міндеттерінен бас тартып, отбасылық құндылықтарға пысқырмайды да. Балаға қарау, баланы жуындырып шайындыруға еркек те міндетті. Еркек не істесе, біз де соны істеуге құқылымыз деген принципті ұстанады. Бұл табиғатқа да сай емес. Еркек тек керегін тауып беру керек дегенді қолдамайды.

Олай болса дінге ата жауындай қарайтындар неге үнсіз отыр? Қызы мен әйеліне дәл қазақтай құрмет көрсеткен халық аз жер бетінде. Қызын төрге шығарып, қарындасын қызғыштай қорып, анасының аяғын жуып, әйеліне ерекше көңіл бөлу қазақтан қалған дүние емес пе еді!

 

ШЕРУГЕ РҰҚСАТ БЕРГЕН БИЛІКТІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?

Сонымен Алматыда 8 наурыз — әйелдердің халықаралық мерекесі күні гендерлік теңдікке үндейтін, құқық қорғаушы ұйымдар бірлесіп, әкімдік келісімімен шеру өткізді. Ұйымдастырушы — «Феминита», «КазФем», «SVET» қоғамдық қоры, «ФемАгора», «ФемСреда» мүшелері. «Әр әйел жалғызым!» және «Феминизм Қазақстанды құтқарады!» ұрандарымен өткен марш гендерлік теңдікке шақырады – мыс.

Ең қызығы, шеруді ұйымдастырған құқық қорғаушы ұйымдардың біреуінің аты қазақы танымға сай емес. Ұлттық бояудан алыс, қазақы атаудан қалыс! Осыдан –ақ олардың нені көксейтіні, нені аңсайтыны көрініп тұр. Тіпті атауларынан қазақ ұлтының «исі шықпайтындықтан» бәз бір батыс көшесіндегі жынойнақтан айырмасы жоқ.

Ал шерулеткендердің көтеріп шыққан ұрандарына қараңыз: «Жатыр жоқ, пікір жоқ», «Қыздың жолы жіңішке патриархаттан», « KUSTIN JYNYSY JOQ», «Келін не ваш раб», «Ана болу міндет емес…» т.б толып жатыр. Енді осы сөздерге көз жүгіртіп көрейікші. Қазақ баласы қашан «жатыр» туралы «жарасымды» ой айтыпты. Ашынғанда ғана қазақ «Жатыры жаман неме» дейтін болған. Бұл қазақ үшін өте ауыр сөз! Ал шерулетіп шыққандар «жатырдың» мән — мағынасынан жұрдай екені көрініп тұр. Қазақ жатырды «құрсақ» деген. «Құрсағына бала бітті» деген. «Құрсағы құтты» деп көп балалы аналарды ардақтаған. Салтыңа түкіргендер, дәстүріңе секіргендер – қазақты шындап құртуға бекінгендер деп санай бер қазақ!

«Қыздың жолы жіңішке патриархаттан» деген не сөз? Біздің қазақ «қыздың жолы жіңішке» деп айтады. Иә, қыздың жолы жіңішке де, ауыр болып келеді. Себебі, қазақ тәрбиесіндегі қыздың бойында артық жүріс-тұрыс болмау керек. Қыз баласына аяғын аспанға көтеруге, аузын ашып айқайлап күлуге болмайды. Кіндігін көрсетіп, денесін жалаңаштау сияқты іс оғаш қылықтарға жатады. Қыз болып жаратылған соң, өзіңді ұқыпты ұстап, ізетті, ибалы, сабырлы болуың керек. Әйтпесе, сен ата-анаңның атына кір келтіресің. Ал шеруге шыққандар қыздың жолын «жіңішкертіп емес жуандатып» жатыр. Қазақшылықтан қашырып, қулықтарын асырып, пиғылдарын жасырып, ұлтымызды басынып отыр!

«Келін не ваш раб» деген плакатты көтеріп шығыпты шерушілер. Бұл нағыз масқара қылық қой. Әйелдің құқығын қорғаймыз деп мыналар тіпті шектен шықты ғой ағайын!

Бәріміз келіннің «аяғымен» дүниеге ендік. Сонда келін деген кім? Келін деген келген кісі. Қазақ солай бола тұра келінді қонақ демейді. Керісінше, қыз баланы қонақ деу дәстүрі қалыптасқан. Келін қонақ емес, ол отбасыңызға енген бақ, береке. Келін дүниеге ұрпақ әкелуші, демек, ол отбасының ырысы мен өрісі. Қазақ пайымында «Келін тастай батып, судай сіңуі» керек. Сол жерде ұрпақ өрбітіп, ел анасы атанған келіндер қаншама! Ал мыналар не тантып отыр, ағайын? Мынау деген тамырыңа балта шауып, ұлтыңды ұлтан етпекші азғын әрекет қой!

«Ана болу міндет емес…» дегендердің арам ойлары сонадайдан менмұндалап тұр емес пе! Қзаақ мұндайда «Мал құлағы саңырау» деген. Топырақтан адам жасай алмай, ұлтымыздың санын қайтсек өсіреміз деп жатқанда мынадай керітартпа ұйымдардың жаулығына көз жұмып отыруға дәтің қалай шыдамақ! Биліктің тап осы жолғы дәрменсіздігін сезіну мен үшін өте ауыр болды…

Осыншама азғындықты насихаттау, ұлттық болмысқа қонымсыз дүниелерді биліктен талап ету елміздегі идеологияның қаншалықты деңгейде екенін көрсетсе керек. Ақырында азғындықты насихаттайтын шеруді де көзіміз көрді-ау!

Әлеуметтік желіден мына бір жазбаны оқып қалдым. Бұған дейін қарапайым халықтың әділдік сұрап, мұң-мұқтажын айтып көшеге шыққанын көрдік. Көпбалалы аналардың тұрмыс тауқыметіне төзе алмай амалсыздан үкіметке зарын тыңдатқысы келген әрекеттерін көрдік. Өкініштісі олардың ешбір әрекеттері шеруге ұласып, митингі деңгейіне жеткенін көрмедік. Анығы жеткізбеді… Қазақтың атбалдай азаматтары, қатаң әскери тәрбиеден өтіп, ел қауіпсіздігі үшін ерекше мақсатқа пайдалануы тиіс делінетін арнайы жасақтары олардың ақ самайы мен ақ жаулығына, екі қабат екендігіне қарамастан, жас-кәрісінен де именбестен қолдарын бұрап, аяқтарын қайырып тұрып автобустарына апарып малша тиеп алып кететін еді. Оның соңы түрмеге қамау, айыппұл салу, қоғамдық қимылдарға қатысуын шектеу сынды жазалармен ақырласып жататын. Көзіміз оған да үйренген еді. Сөйтіп «бұлай тұтқындай берсе енді ешбір әйел, әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерді көтеріп көшеге шықпайтын шығар» деп үмітімізді үзіп жүргенде, Алматы көшелерінде феминистердің шеруі өтті. Билік оң батасын беріпті. Сақшылар шетелдегідей жай ғана сырттай бақылап жүрді. Жарты мыңға жуық «жарты әлемнің жұлдыздары», жарты бастарын бүтін етіп көрсету үшін «Жатырымды не істесем де өзім білемін!», «Жол мұраты жету, қыз мұраты кету емес», «Ана болу міндет емес», «Қызға 40 үйден тиым емес» деп ұрандатып, лозунгларын биік ұстап аршынды қадаммен кетіп бара жатқаны көрдік. Сонан бері бүкіл қазақ қоғамы, анығы қазақы қасиет пен имандылықты рухани ұстанымы еткен ағайындар «жағасы бары жағасын жағасы жоғы кеңірдегін» ұстап сілейіп қалды… Басқа шерулерге жол жоқ еді. Расында да ҚР мәжіліс депутаты Қазыбек Иса айтқандай «Тіл шеруге жол жоқ та, жын шеруге жол көп» екен – ау» депті.

 

 

ФЕМИНИСТЕР ШЕРУІН ҚОЛДАУ – БІР ЖЫНЫСТЫЛАРДЫ ЖАҚТАУМЕН ТЕҢ!

Еш алаңсыз, азғындықты насихаттап кетіп бара жатқан көптің ішінде қазақ жастарының қатары қалың еді. Осыған ашынған жұрт әлеуметтік желі арқылы қарсылықтарын қарша боратып жатыр. Заңгер Ләззат Ахатова әдемі айтыпты. «Бабалар қасық қаны қалғанша, күрескен жерімізде, сол батырлардың ориентациясы ауысқан лесбиянка мен гей ұрпағы жер үшін емес, «жатыры» үшін күресіп жатыр. Ананың жатыры – ұрпақ көбейтетін қасиетті жер емес пе? Оны айқайлап айтпаушы еді, санасыз, мәңгүрт қазақтардың арқасында оған да жеттік. Сол жатырдан қанша ұрпақ өрбіп, алтын құрсақты Аналар қазақ деген ұлттың жер бетінен жойылып кетуінен сақтамап па еді?»- дейді намысты қыз наласын жасыра алмай.

Бұлар әйел құқығын сылтауратып шыққанымен арасында ЛГБТ-ның жалауын көтеріп шыққандар көп екен. Сосын құрамы да әр алуан. Жезөкшелер де, лесбиянкалар да тағы басқа біз атауларын айтуға ұялатын азғындардың талай «сорты» жүр. Бұрын батыс әлемінде болып жататын мұндай шерулерді ақпарат құралдарына ғана көретін едік. Енді қазақ топырағынан көру көңілге өте ауыр тиді. Тіпті өте қорқынышты екен.

Адамдар бұл туралы алуан түріл ойларын ортаға салып жатыр. біреулері «орысша оқығандардың қылығы» десе екіншілері батыс әлемін көрген жастардың қылығы деп отыр. Бұл шынында батыс әлемінің бергені. Солар жылдар бойы айтып, насихаттап келген демократияның, гендерлік саясаттың «жемісі»… Бір жерден академик Асқар Жұмаділдаевтің мынадай сөзін оқып едім. «Батыс айтты деп бәрін істей берсеңіз сіз не боласыз? Не айтпайды олар? Бір күні еліңде қызтекелер немесе ұлтекелер көбейсін дейді. Соны да істейсіз бе? Біз өзімізге не керек екенін білуіміз қажет» депті атақты математик.

Бұған тек қана билік емес, барша ата-аналар кінәлі екендігімізді мойындауымыз керек… Бір буын адамдардан осындай ұрпақтар өсіп шықты. Ал бұларды көрген еліктегіш жастар қандай адам болып шығады? Бұл өте үлкен қасырет! Ұлт үшін намыс! Қазақ билігінің ұлттық идеологияны мықтап қолға алудың орнына осындай азғындарды талтаңдатып қойғанына ақылым жетпей қойды. Демократияның үлгісі десек онда неге көп алдына шығып мұңын шағып жүрген көп балалы аналарды қудалап жүр? Табан ет маңдай терінің бодауын тиісінше ала алмаған мұнайшылардың жиналыстарын неге «заңсыз ереуіл» ретінде қарастырып жүр? Жазықсыз сотталған жақындары үшін шырылдап, Жоғары сот пен Бас прокуратураның есігінен сығалап жүргендерді неге қудалайды?

Ал енді осылардың барлығын билік түсіндіріп көрсін! 8-наурыздан бері қарай осы оқиға туралы жақ кірісін ашқан жалғыз депутат Қазыбек Исадан басқа ешкімді көрген жоқпыз. Жауапты басшылар да тілдерін жұтып қойғандай үндемес ойнап әлі отыр. Анығын айтайықшы. Біз идеологиясыз қалде өмір сүріп келдік. Соның кесірінен ұлттың тамырына балта шабатын азғындарды төбемізге шығарған осындай аянышты жағдайға да жеттік. Халық үнсіз отырған жоқ. Осы күнге дейін қазақ тілді БАҚ-тарда айтылмаған сөз қалған жоқ. Тәуелсіздіктің 30-жылына келгенде ғана «еститін үкімет» құрғалы жатқан билік шынымен соңғы кезге дейін ештеңені естімеген екен. Біз әліде айтамыз. Тоқтамаймыз. Енді шеруге бізде рұқсат сұраймыз. Енді қазақтың ақ жаулықты аналары шеруге шығамыз. Сөйтіп ұйықтап кеткен рухтарды оятуға, «малым жанымның, жаным арымның садағасы» дейтін қағидамен өмір сүрген қазақ дейтін халықтың ұрпағы екендігімізді әлемге паш етеміз. Енді соған жұмылайық ағайын!

Әйел құқығын қорғауға ешкім қарсы емес. Бірақ феминстердің шеруін қолдау бір жыныстыларға жол ашумен пара – пар дүние!. Кешегі шеру соны көрсетті.

Өздерін батыс мәдениетіне жақын, цивильный қып көрсеткісі келетіндерге күлкім келеді. Елде әйел құқының шектелгенін көрмеппін өз басым. Заң алдында теңбіз. Жеке оқиғаларды бәріне бірдей тели беруге болмайды. Бұл митинг биліктің әдейі ұйымдастырғаны деп жатқандар бар. Мен олай ойламаймын. Бірақ жақында қабылданған «Еуропарламент қаулысының қаһары» ма деп қорқамын. Елде демократия бар -мыс деген сыйқы болса жетіскен екнбіз. Демек, бәріміз адам құқы үшін күресуіміз керек. Мысалы ер- азаматтардың құқы тапталмай жатыр ма? Бұл шеру жалғандыққа құрылған сана мен ой, анайы көзқарас «жетістігі». Тіпті әлеуметтік желіге қарап отырсам, әйел құқын қорғауға шыққан митингіні айыптаушы әйелдер көп болды ерлерден. Неге? Яғни, ерсі әрекет көзге ұрып тұр деген сөз!

Журналист Жұлдыз Толеу айтпақшы әлеуметтік бейсананың қордаланған бомбасы қандай агрессия арқылы шығады,белгісіз. Жаратылыстану ғылымында «Эффект бабочки» деген термин бар. Оны «Қытайда кішкентай көбелек қанатын қаққанда, Кариб теңізінде цунами болуы мүмкін» деп түсіндіреді. Әйел құқығы тақырыбы, оның ішінде жыныстық азшылық өкілдеріне деген өшпенділік біздің қоғамда өршіп тұр екен. Бұл түрімен ұжымдық бейсананың әсері расында «цунамиге» әкелуі мүмкін, егер алдын алмаса…

Қазір қазақ қоғамы екіге жарылып тұр. «Жайшылықта ауыз жаппас, айт дегенде өлең таппастың» кебін киген ағайындардың

үнсіздігін түсіне алмай әлекпін. Қоғамға сөзі өтеді-ау деген қайраткерлер де үнсіз. Парламенттің қос қанаты – қос палатасы да тыныштық құшағында. (Қазыбек Исадан басқасы). Ең қиыны, «шерушілерді өз құқығын қорғап отыр» деп беймарал отырған азаматтар бар. Мысалы журналист Қасым Аманжол. Ол фб парақшасына: «Қазақ ежелден қызды құрметтеген» деген — көлгір сөз. Жалған түсінік. Бұл — біздің өзімізді үнемі комфортта ұстағымыз келетін қорсана комплекстердің жиынтығы. Егер жүз жыл бұрынғы ескі қазақ әйелді шынымен төрде ұстап, тең қатынас жасаған болса Алашорда «әйел теңдігін» бағдарламасына енгізбес еді, саналы суреткер атаулы жылаған қыздың тағдырын ұлы шығармаларына арқау етпес еді.

 

ӘЙЕЛ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУҒА ШЫҚҚАН ШЕРУ – ЛГПТ — НІҢ ЖАРНАМАСЫН ЖАСАДЫ

Қазақ халқы да со замандағы әйелін аяққа таптаған дәстүршіл шығыстық өзге жұрттан зор да емес, қор да емес. Өздеріңе тарихшылық миссияны көп алмаңдар, замандастар. Тағдыры жылап өткен әжелеріміздің көз жасын ойлаңдар. Ең болмаса,

аштық заманда қасқырға жем етіп қызын тастап, ұлын құтқарған Мекемтас ақсақалдың әулеттік трагедиясын еске алыңдар» деп жазды. Бұл жерде Қасым албырт ойдың жетегінде кетіп отыр. Біріншіден, алаш орда бағдарламасындағы «Әйел теңдігі» үлкен тақырып. Оны бағдарламаға енгізудегі мақсатқа да терең бойлаған жөн. Себебі Майлинның «Раушан коммунисті» мен Аймауытовтың «Ақбілегі» екі бөлек дүние. Бірінде большевиктердің ыңғайына жығылу байқалса, екіншісінде нағыз алаштық ой басым. Абайдан ешкім әулие емес. Данышпан ақын әйел теңдігі туралы бір шығарма жазбаған. Өйткені ол дәуірде бұл жағынан қазақ қоғамында проблема жоқ еді…

Сонымен 8 наурызда Алматыда өткен әйелдер маршында «Феминита» тобының негізін қалаған белсенділер Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан Қазақстанда лесби, бисексуал, квир, трансгендерлер мен жыныстық қызмет көрсететін әйелдер құқығы қорғалмай жатқанына көпшіліктің назарын аударды. Секербаева пікірлестерімен бірге Қазақстанда феминистер шеруін өткізуге биліктің рұқсатын алуға 2017 жылы 8 наурыздан бастап талпынғанын айтты.

– Біз, «Феминита» – лесби, бисексуал, квир, транс әйелдер құқығын қорғаушы феминистерміз. Сонымен қатар, жыныстық қызмет көрсетіп жүрген әйелдердің адам құқығы, қадір-қасиеті бар екенін баса айтамыз. Шешемнің маған қалдырған өсиеті бар еді, кең болсаң, кем болмайсың деген. Құрбыларым, достарым, сіздерге былай деп айтқым келеді: Қазақстанда лесби әйелдер бар, оның бірі – мен. Өзге әйелдердің құқығы бар, оны қорғаушының бірі – мен. Болсаңыз кең, болмассыз кем, болсаңыз кең, боламыз тең, – деді митингіде сөйлеген Гүлзада Сержан. Ал керек болса! Қазақтың қызы деген аттан садаға кеткірдің сөзі осы! Мынаны көріп отырған қаншама бойжеткен мен бозбала бар. Олардың ой-санасы уланып жатпасына кім кепіл!

Еске сала кетейін, 2017 жылдың соңында Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін азаматтарды жыныстық ерекшелігіне бола кемсітуден қорғайтын, дискриминацияға қарсы заң қабылдауға үндеген. Күштінің құйрығы дирмен тартатын заманда, олардың талап-тілегі ескерілуге жақын. Егер ол заң қабылданар болса, ата-бабамыз аманаттап кеткен жердің төсін қызтекелер мен лезбяинкалар, өзін ер-азаматпен тең ұстайтын қыз-келіншектер қаптағалы тұр. Бұл қорқыныш емес пе!

Үкімет бұларға қатаң түрде тиым салмаса, онда осыларды ұйымдастырып отырған өздері деген күдіктің құлағы қылтияры анық. Себебі, халықтың назарын, күш-жігерін басқа жаққа бұру керек, ал бұл ұятсыздар дәл уақытында пайда болып тұр. Сондықтан митингілетіп жүр. Бұл арсыздардың плакаттарын жұлып алып, жыртатын бір атақты боксердың табылмауы да сондай ойға меңзейді. Ұятсыздардың белсенділерін қамап, айыппұл неге салмасқа? Азғындыққа елді шақырғандарды жазаламаса, онда ол қандай үкімет? Халықпен санаспай — ақ жынысты ауыстыру секілді қанша заң қабылданып кетті десеңізші?

Әлеуметтік желіде бір адам: «Шыны керек, әкем анда-санда шешеме «өйй» деп қоймаса, апам күшіне мінетін. Сонда да біздің үйде кемдік емес, кеңдік пен теңдік болды!» деп жазыпты. Бұл шындық сөз! Қазақ халқы ер мен әйелдің орнын белгілеп берген. Одан ұлтымыздың бірлігі күшеймесе, тірлігі кері кеткен жоқ.

Атақты ақын Қадыр Мырзалиев: «Қазақ кейде әйеліне «әй» дейді, Ал әйелі «Ай» деді деп ұғады» деген өлең жолдары бар. Не деген даналық сөз! Нағыз қазақ танымына сай өлең!

Айтпақшы, алаңға таяқ жеп, қорлық көрген әйелдер ғана шыққан ба десем, ЛГБТ мүшелері де шығыпты. Әлішер Елікбаев дұрыс жазыпты, Тайландтағы ледибойлар 15 жыл ішінде өз «отанын» қалыптастырды деп. Енді бұл кесел біздің елге тимесін. Өйткені қауіп күшті!

Мұндай шерулерді телеарналардан насихаттап та қажет емес. Одан да қансырап жатқан ана тілімнің жағдайын ойлайық. Ұлымыз — ұл, қызымыз — қыз боп өскей, Жаратқан!

Алдаберген Кемпірбаев деген журналисттің мына бір сөзіне көңілім толды. «Анау табиғаты ауытқығандарды қолдағыш, жаны ашығыш «ақкөңіл», «көзі ашық», «дамып кеткен» пенделерге айтарым, өздеріңнің өсіріп отырған ұлың ұлға, қызың қызға қосылып, тұқымың тұздай құрымасын. Қарапайым мағынасы осы ғой! «Олардың құқығы бар ғой», «ешкімді үгіттеп жатқан жоқ қой» деп өтірік мүләйімсімеңдер! Құдай шын пиғылды

бәрібір біліп қояды. Сондықтан былай да шетелге бар байлығымызды асатып үндемей қойып отырмыз, енді жерімізді аманатқа алып қалатын дұрыс ұрпақ өсіруге, рухани тәрбиеге тиіспеңдер қайсың болсын!» депті ол.

Әлеуметтік желіге жазба қалдырып жатқандардың ішінде шерулеткен қауымды «орысша тәрбие көргендер» деп сөгіп жатқандар да аз емес. Меніңше бұл қате түсінік. Тілі орысша болса да, заты мен аты қазақша қаншама азаматтар жүр ішімізде. Олардың намысы еш қазақтан кем емес. Бұл жерде таяз ойлы, батысшыл, «Өзгенің қаңсығын таңсық» көрген тобырлық түсінікті бойына сіңіргендер төбе көрсетіп жүр. «Іріген ауыздан шіріген сөзді төгіп жатқанда» солар.

Асхат Қасенғали деген жігіттің мына ұстанымы да көңілге қуаныш ұялатты. «Бүгін шеруде мен ЛГБТ туын байқадым. Ал бұл әйел құқығы идеясын бүркеніп, басқа құндылықтарды (құнсыздықтарды) тықпалау. Кешіріп қойыңыз, мен халифаттың туын тіккісі келетіндерге қалай қарсы болсам, ЛГБТ туының тігілуіне де сондай қарсымын. Өзіміздің кім екенімізді шығыстан да, батыстан да, Ресейден де, Қытайдан да іздемей, мүмкін өзіміздің болмысымызға бір қарармыз. Ұмыт болған, ұмыттырған болмысқа. Ойымды жеткізе алдым ба, білмеймін» деп жазыпты. Ойыңды жеткіздің балаң. Әр қазақтың жеткіншегі дәл сендей ойлап, сендей көзқараста болса, ертеңіміз жарқын, болашағымыз айқын!

 

 

ФЕМИНИСТЕР ҚОҒАМЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ АЯҚҚА ТАПТАУДА!

Түйін: Айтпасқа болмай тұр ағайын, қазақтың ұлттық құндылықтарына ашық шабуыл басталды. Бұдан қайтсек аман қаламыз, қайтсек құндылықтарымызды сақтап қаламыз?

Айнұр Сабыр деген ұстаздың білім министріне арнаған мына жазбасы азда болса көңілге демеу. «Біз үшін ең маңызды міндеттердің бірі — мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай пікірталастың болмауы керек, өйткені ол Мемлекеттік тіл, сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек» деген сөзіңізбен қазақ қоғамын, қазақ жұртын қуантқан едіңіз. Бүгін осы ойдан жедел іске көшуіміз керек! Оған себеп болып отырған әйелдер шеруінің атын жамылған, қазақ дәстүріне өте жат, жиіркенішті феминистердің қылығы (шерушілердің ТІЛІНЕ ДЕ НАЗАР АУДАРАЙЫҚ!) «Қазақ тілді жұрттың» дабылына құлақ асайық. Кешегі көтерілістің екі жағы бар. Соның сұмпайысы басым түсті. Келесі шеруінде ұрандатып мектеп оқушылары жүрмесін десек, бүгіннен бастап САҚТАНҒАНЫМЫЗ ЖӨН шығар. Сонымен қатар, ұлтымыздың дәстүрін, салтын, рухани болмысы мен ұлттық құндылығын сақтауда мектептегі оқытылып жүрген қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндері ЖЕТКІЛІКСІЗ (Бағдарламасы баршаға аян!). Сондықтан оқу бағдарламасына ұлттық болмысымызды жоғалтпауға арналған пәнді қосып, аталған пәндерге қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін тақырыптарды енгізу қажет. Бүгін үйден шығып кеткен ұлым ертеңіне қыз болып немесе керісінше қызымыз жігіт болып оралмасын десек, қазірден бастап ОЙЛАНАЙЫҚ!» депті. БҰЛ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАН АЙҚАЙЫНА МИНИСТРГЕ ЖАЗҒАНЫНА ТОЛЫҚ ҚОСЫЛАМ ЕРТЕҢ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ ЕЛІКТЕГІШ ОЛАР ШЕРУГЕ ШЫҒЫП ЖАТСА НЕ БОЛАМЫЗ..!

Екі — үш күн бұрын Алматының қақ төрінде жағамызды ұстатқан әйелдердің Алланың берген әйелдік қасиетіне қарсы шыққан «жатыр өзімдікі» -деп отбасын құрып, ана болудың бақытын аяқ астына таптаған, адам емес әурейлердің тобыры біздің ашу-ызамызға тиді. Ел боламыз, етек жеңімізді жинадық, дамыған 30 ел қатарына жетеміз деп жүргенде ұлттық санамыздан, дәстүрімізден жұрдай болып, бастысқа табынып, ұяттан кетіп, ұлтымыздың тамырына балта шабатын бұл дүрбелең әрбір қазақпын деген азаматты толғандыруы қажет ! Біз неден қателестік ? Кім болып барамыз !Осыған назар аударатын кез жетті АҒАЙЫН ! Мал құлағы саңырау деп, жүре береміз бе ? шыдамның да шегі бар емес пе? Қазақ билігі ойлантын уақыт келді? Егер бабалар аманатына адалдық таныта алса, жамандық шақырушыларды заң жүзінде тәубесіне келтіруі керек. Әйтпесе ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Мен ақ самайлы АНА,ӘЖЕ ретінде Үкімет пен Парламенттен қазақ баласының танымына жат дүниеден салт-дәстүріне берік ұлтты қорғауын талап етемін!

ПЫ-СЫ: Біздің газет, сайттарымызда осы мәселені бірнеше мәрте көтерді. Билік «естімей көрмей» тұр, ең қорқыныштысы халықтың «еті өліп кеткені» әйтпесе күш емеспіз бе едік….?!! Ұлттық құндылықтардан ажырап барамыз, өзіміз де кінәліміз, қалғанына ие болайықшы АҒАЙЫН..! Осы жерде қойылған мақаланы, әр сілтемеге немқұрайлы қарамай көңіл бөліп оқып шықсаңыздар. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ДЕ ӘСЕРІ, ӘЛЕГІ, КЕСІРІ АЗ БОЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ.. Бірнеше мақала жазылды, өзекті мәселелелердің бірінің түйіні шешілмегенін кімнен жасырамыз… Дәлел керек болса назарларыңызға осыдан 3 жыл бұрын жазған бір мақаламның сілтемесін ұсынайын: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1742603102585742&id=100005082063852

«Қазақстан дәуірі» газетінде бірнеше рет жаздық. Құр айқай сөз емес, ұлттық құндылықтарға қарсы шығушыларды заң арқылы тыю керектігін. Қайтейік, депутатарымыз селт етпейді ау, селт етпейді… Білуімізше, «Еститін мемлекет тұжырымдамасы» жасалуда..! Олай болса халықтың жанайқайын еститін мемлекет еңсе тіктегенше, зымиян саясат қойны-қонышымызға кіріп кетіп жүрмесін! Онда одан арылу оңайға соқпас… Мен ( 04.02.2021 ) «Сымбат Құлжағарованың өліміне кім кінәлі?» деген мақала жазған едім. https://www.elana.kz/symbat-qulzhagharovanyng-olimine-kim-kinali/. Сонда елді шулатқан кешегі шерудің тасасында тұрған «НеМолчи» ұйымы мен «feminita_kz» деген сайт туралы, олардың «қой терісін жамылған» қасқыр кейпіндегі бейнелерін ашып жазып едім. Және қауіптің қай жақтан келетінін де меңзеген едім. Кешегі арсыздар шеруінде де сол ұйымдардың қарасын көріп күдігім одан сайын күшейе түсті. Иә, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ САЙТТАР АРАМ ПИҒЫЛДАРЫН ЖАСЫРМАЙ ОТЫР!

Елімізде ұлт мүддесіне қарсы жұмыс жасап жатқан көптеген сайттар мен мысық тілеулі әлеуметтік желілер жетерлік. Көбісі мемлекеттен тікелей қаржыланып отырғаны жанға батады. Сайттарға тендер бергенде 100-300-500 мың оқырман болуы керек деген талап бар. Әрине бұл талаптар олардың оң жамбасына дөп келіп тұр. Өйткені елімізде ресми тілдегі оқырмандар саны үстем. Сосын әлеуметтік желінің кеңістігінде Ресей оқырмандары да жетіп артылады. Мұның бәрі жат пиғылдағы сайттарға желік бітіріп, құтыртып отыр. Тым Ресейшіл сайттар мен порталдардың артында кім тұрғанын нақты айту қиын. Емін – еркін іс-әрекеттеріне қарап отырып, дәу де болса шет ел қаржыландырып отырғанын ішің сезеді. Бірақ оны арнайы мемлекеттік құрылымдар зерттеп – зерделемегесін біздің сөзіміз кімге дәрі! Егер билік басында ұлт болашағына алаңдайтын шенеунік болса, ақпараттық соғыстың арты, суттегі бомбасынан да қауіпті екенін ескеруі керек. Қазір әлемді ешкім қарумен, басқыншылық әрекетпен қорқыта алмайды. Тек, ақпараттық майданға бар байлығын салғандар ғана жеңімпаз атанбақ!

Бір ғана мысал айтайық, бір кезде елді шулатқан «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс- қимыл туралы» заң жобасын қолдап-қуаттаған сайттардың көш басында «Не мольчи» сайты тұрды. Қазақтың салт-дәстүрінен аулақ, таным түсінігінен алшақ, тілі мен ділінен бөлек осы сайттың салған лаңы мен батысшыл көзқарасы атан түйеге жүк болары анық.

«Әйел құқығын қорғаймыз» деген олар ақырында психикалық ауруға ұшыраған Сымбат (Құлжағарова) сынды келіншекті күйеуінен қорлық көрген ана кейпіне түсіріп, әлеуметтік желіге арбалған көпшіліктің (Негізгі оқиғадан бейхабар адамдардың) қолдауына сүйеніп ойларына келгенін жасады. Ақыры орны толмаса қайғыға апарып соқты. Аңырап бала, абдырап күйеуі қалды. Егер олар тап солай «құйындатпағанда», батысқа қарап «ұлымағанда» «кім біледі?» деген сұрақ әділет сүйгіш көптің көкейінде кептеліп тұр. Ал кешегі шеруде тағы да әйел құқығын қорғаушы болып көрінгенімен, негіізгі ойлары байқалып қалды.

Ал «feminita_kz» деген сайты өз ұстанымын жасырмай ашық айтудан жаңылған емес. Басына «Бодипозитив не экстремизм!» деп жазып қояды үнемі. Инстаграм парақшасын оқып отырып жағаңды ұстайсың. Бір ғана мысал: «В прошлом посте мы призывали вас помочь художнице и активистке из Комсомольска-на-Амуре, РФ, Юле Цветковой, которую обвиняют за распространение порнографии. Дело завели за бодипозитивные иллюстрации женского тела, в которых акцентируется внимание на разнообразии

телосложения: будь оно с волосами, мускулами, жиром или сединой. И теперь активистке грозит от до 2 до 6 лет колонии. Как можно помочь Юле читайте подробнее по ссылке: https://www.instagram.com/p/CB5H51Mj4DM/

Команда Казахстанской феминистской инициативы «Феминита» тоже выложила иллюстрации в знак нашей солидарности и поддержки Юлии. В частности, один из постеров (менструирующей женщины) показывала Жанар Секербаева вместе с другими феминистсками на фотосессии, посвящённой дестигматизации менструации и была задержана полицейскими неделей позже в 2018 году. Как оказалось, фотосессия о менструации нарушила общественный порядок и задела чувства прохожих в Казахстане. Об этом событии вы сможете прочесть на нашем сайте по ссылке: https://bit.ly/3dyrKpc.

⠀Уже произошло несколько случаев, когда ЛГБТ-активисток привлекают по обвинению (читаем: по ложному обвинению) в распространении порнографии.

Характерен случай транс женщины Мишель из Брянска. Суд осудил её на 3 года лишения свободы за размещённые иллюстрации в стиле «хентай». Благодаря поддержке активистов_к и всех неравнодушных людей дело Мишель было пересмотрено и в июне 2020 года ей заменили наказание на исправительные работы.

⠀Призываем вас поддержать Юлю и других активисток. Женское тело — не порнография и не нарушение порядка!».

Тап осы сайттың ұстанымы адамшылыққа сай ма? Бұдан да сорақы жазбалар тұнып тұр бетінде. Бәлкім оларға «қарапайым» көрінетін дүниелер, өзгелерге анайылық болуын неге ескермейді. Қай қазақ әйел затының бойындағы «өзгерістерді» сурет арқылы жарнамалап, одан «ұлы туынды» күтіп еді. Тіпті кигіз үйдің үстіне әйел адамның қан аралас сідігін төгіп, қазақ ұлтының, тәуелсіз мемлекетінің намысына тиіп отырғанын біздің үкімет қашан көреді? Қашан намысы оянады?

Кешеге шеруден көңілге түйгенім, жанымның түршіккені: 90% өзіміздің қара көздеріміз болғандығы. Заң арқылы ЖЫНЫСТЫ АУЫСТЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ, КӨГІЛДЕРІМІЗ МЫНАУ… қазақты тағы не күтіп тұр екен алда?

БОЛАШАҚҚА БІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ ..! ЕНДЕШЕ БІРАЗ УАҚЫТТАН БЕРІ, ҰРПАҒЫМЫЗҒА АРСЫЗДЫҚ ШАПАНЫН ЖАМЫЛҒАН ТОПТАР АУЫЗ САЛА БАСТАДЫ:.. ҚАЙДА БАРАМЫЗ, ЕЛ БОЛУДАН ҚАЛЫП БАРАМЫЗ. БҰЛ ӨТЕ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖАҒДАЙ… ҰЛТҚА ҚАУІП ТӨНІП ТҰР..! ЕРТЕҢ КЕШ БОЛАДЫ… КЕШ..

Бәлкім ақ жаулықты аналар бізде шығармыз шеруге. Өйткені қазақ аналарының айтар уәжі де жеткілікті билікке. Ана капиталы, зейнет жасы, денсаулық мәселесі, пособия т.б толып жатыр ғой. Сол аналардың талап-тілегі феминист шерушілердің «Секс жұмыс жасап жүрген әйелдердің адал құқықын қорғаймыз» — деп аттандауынан кем дүние ме? Билік басындағы азаматтар осыны неге ойламайды? Бүгін мен, ертең сен, арғы күні тағы бір жәлап, одан кейін бір жемқор шерулете берсе елде не қадір, билікте не бедел қалмақ?! Осындай жағдай да қайдағы идеология, қайдағы мәдениет, қайдағы салт-дәстүр?

 

 

Ештеңеден үміт қалмаған екен ғой бізде…

Жап — жас жігіт, біздің немеремізбен жасты Бекболат Қаражан шырылдап: «Ой, Құдайым-ау! Қыздарға жөнін айтар аналарымыз бен апаларымыз қайда жүр!?» деп егіліп

жазып жатқанда аға буын біздің үнсіз жатуымыз қалай?

Жайшылықта тілім дейтін, елім дейтін апа – үлкен кіші бауырларым,әпкелер, сіңілдерім қайдасыңдар?! Билік басындағы ұлтшыл азаматтар сендерге не болды? Ана құқын қолдаған болып көшеге шыққан адамдардың маскасы шешілді ғой. Оларға неге жаза қолданылмайды? Ұлттық мүддені сатқандары үшін, қазақылықты таптағандары үшін…

Бұл жамандық таралып кетсе «Сен дәудің баласы екенсің ғой, саған тиіспей – ақ қояиын» демейтін шығар? Тіршілікте бай баласы мен кедей баласы бөлінер, бірақ азғындыққа бастар тура жолда олар түйіседі. Сосын қыз бен қыз, жігіт пен жігіт сүйіседі! Ұрпағымыз уланады. Жезөкшелер қуанады! Бітті! Еуропаға еліктеуші мәңгүрттер, Бекболат балам айтпақшы: Ұлыбританияның темір патшайымы атанған Маргатерт Тетчердің өзі: «Мен үйде әйелмін, менің күйеуім қызметшісі дайындаған асты емес, менің дайындаған асымды

ішеді» дегенін оқымай, батыстың өзі шошып отырған азғындықтарды насихаттауына жөн болсын!

Қайран аруағыңнан айналайын Әйтеке би бабам — ай: Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің» дегенде осы күнімізді болжаған екенсің – ау!

Қазақ үкіметі осы жазғанымызға бір көз салып, айтылған ойлардан қорытынды шығарады деген үмітіміз әлі барын жасырмаймыз!

 

 

Сәуле Мешітбайқызы,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері