МАҚСАТ-ІНДЕТТІҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ

Қауіпті індет жер бетінде пайда болғалы бері бүкіл әлем бұл қауіпті құбылыспен күресіп келеді.

Барлығының көздегені бір мақсат, бір мүдде, бір міндет, ол – індетті жеңу.

Дегенмен, бәрі де адамдардың өзіне байланысты екені мәлім. Ең бастысы, шектеу шараларын сақтау қажет.

Дәл қазір еркінсуге болмайды. Індет ешкімді аяп жатқан жоқ, аямайды да.

 

 

Оның салдары да өте ауыр. Бұған бәріміздің көзіміз анық жетті. Бұны тек қана темірдей тәртіп пен қатаң талап арқылы ғана жеңуге болады.

Біздің өңірде жергілікті билік тарапынан тиісті шаралар қолға алынғаны белгілі.

Бүгінде аудан бойынша рейдтер ұйымдастырылуда.

Бұл шаралар өз кезегінде нәтижесін беруде.

Жағдай бұрынғыдай емес, біршама түзелген. Аудан тұрғындары қазір сақтық шараларына бейжай қарамайды.

Олар қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетпердемен жүр.

 

 

 

Сауда орындарында да тәртіп орнаған, санитарлық талаптар сақталған.

Әрине, бәрінде болмаса да, басым көпшілінде сондай.

«Көш жүре түзеледі» десек, алдағы уақытта аудан азаматтары тарапынан карантин талаптары қатаң сақталатынына сенім бар.

Осыған орай жақында ғана ауданымызға аудан әкімінің орынбасары болып келген Нұржан Нұралиев аудандағы сақтық шараларын өз көзімен көріп, талапқа бағыну қажеттігін ескертуде.

Індетті тек сақтық шаралары арқылы ғана ауыздықтай алатынымызды ұмытпағанымыз жөн.

Мұндай шаралар күнделікті жалғасын табуда.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы