«Нұр Орда» мектебінде алғашқы қоңырау соғылды
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңыру соғылып, салтанатты жиындар ұйымдастырылды. Бұл күн білім ұялары жазғы демалыстан келген бүлдіршіндерге есіктерін айқара ашып қуанышпен қарсы алатын күн. Осы күні Астана қаласындағы «Нұр Орда» мектеп-лицейінде де алғашқы қоңғырау соғылып, білім күніне арналған меркелік шара өтті.
Үш ай демалыстан кейін мектеп іші оқушыларға толып ерекше көңіл-күй сыйлап тұрды. Оған бүлдіршіндердің у-шуы мен ұстаздарды құттықтаған ата-аналарды қосыңыз. Міне дәл осындай көңіл-күймен мектеп басшысы Орхан Өзтомсук салтанатты жиынды ашып берді. Директордың жүрек жарды құттықтау сөздерінен кейін 2016 жылғы Бразилияның Рйо-де-Жанейро қаласында өткен олимпиадада топжарған спортшыларымыз, атап айтқанда, бокстан алтыннан алқа таққан Данияр Елеусінов, күміс медаль иегері Васили Левит және әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Гүзел Манюрова оқушаларға жаңа оқу жылына ерекше шабыт беріп, білім бәсекелерінде толағай табыс тіледі.
Осындай жүлдегер спортшыларымыздың жылы лебіздерінен кейін биыл Ресейде өткен Халықаралық «Балалар Жаңа толқыны» жас орындаушылар байқауында үшінші орын алған «Нұр Орда» мектебінің 5 сынып оқушысы Жанель Сәдуақас «Қазақ елі осындай» өлеңін жоғары дейңгейде орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Одан әрі қарай бүлдіршіндер өлең айтып, би биледі. Ата-аналар оларды суретке, видеоға түсіріп, ұстаздарына гүл сыйлады.
Қалай десек те бүгінгі шараның құрметті қонақтары әрине оқушылар болды. Таң ата ерте тұрып, таза киімдерін киіп, қолдарына гүл шоқтарын алып ұстаздарымен қауышты. Ал, мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 110 оқушы Елбасының өзі келіп ашқан «Нұр Орда» мектебінің сыныптарына «тарыдай» болып кірді.
Мектеп мерекесінің соңында олимпиада чемпиондары оқу барысында балалардың шабыттары сарқылмасын деген ниетпен сыныптарды аралап, оқушылармен суретке түсіп, қолтаңбаларын қалдырды.
«Нұр Орда» ақпарат