Қарағанды облысында жыртқыш құстармен аң аулау чемпионаты өтті

 

Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында жыртқыш құстармен аң аулау бойынша ересектер мен жастар арасында облыстық чемпионат өтті. Жыланды тауының етегінде осы ежелгі ұлттық өнердің үздігі атану үшін Қарағанды ​​мен Теміртаудан, сондай-ақ Жаңаарқа, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарынан 18 аңшы бақ сынады.

 

 

Жарыстар аң аулаудың үш түрінен өтті: бүркітпен, қаршығамен және сұңқармен. Карантиндік шектеулерге байланысты турнир көрерменсіз өтті.

Бүркітпен аң аулаудан қарағандылық Темірғали Төлегенұлы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды жаңаарқалық Каир Сейтпишев, үшінші орынды Бұқар жырау өңірінен Жарас Досов жеңіп алды.

Қаршығамен аң аулау сайысында бірінші орынды теміртаулық Абзал Оспанғалиев жеңіп алды. Екінші және үшінші орын қарағандылықтар Ерасыл Ерғазы мен Абзал Оспанқұловқа бұйырды.

Сұңқармен аң аулау сайысында барлық жүлделерді қарағандылықтар — Нұрдәулет Егінтай, Арсен Шәкімән және Ералы Шәкімәндар иеленді.

Жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды және «Қазақстанның ұлттық дәстүрі мен мәдениеті» айлығы аясында өткізілді.