«SMART сот» жобасы
Аудандық соттың судьясы Ж.Төлепбергенқызы, кеңсе меңгерушісі Г.Несіпбекова мен сот мамандарының қатысуымен семинар сабақ өтті.
Семинар сабақ барысында, «SMART сот» жобасы заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу және оларды сот ісін жүргізуді қолдану, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндіктері туралы айтылды. Сот отырысына мобильдік бейнеконференция байланысы арқылы қатысу үшін мобильдік құрылғыға „App Store” немесе „Play market” арқылы жазылған «TrueConf» қосымшасын жүктеп, сотқа онлайн режимінде сот мәжілісін өткізу туралы жүйеге кіру үшін логин мен құпия сөзді алу қажет. Сонымен қатар, «SMART сот» сот мәжілісін айтарлықтай жылдам өткізуге және тараптардың ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасының аясында жүзеге асқан. Сот процестерін виртуалды өткізу, яғни «TrueConf» бағдарламасы арқылы сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етілетіндігі кеңінен сөз болды.
Ұялы бейнебайланыстың артық- шылықтарының бірі ұтқырлық. Оны саяхат кезінде, кеңседе, үйдеде пайдалануға болады. Смартфон, планшеттік компьютер, тіпті смарт сағат та бейнебайланыс құралы бола алады. Тек оларға арнайы бағдарлама жүктеу қажет. Мәселен, бұрын азаматтың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір жаңа ақпараттық технонлогияларды қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болатындығы назарға алынды.
Сарысу ауданы