АУДАН ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Осыдан жетпіс алты жыл бұрын сұрапыл соғыста жауған оққа қарсы тұрған майдангерлер бүгінде тәуелсіз елдегі бейбіт күннің бақытын сезініп, ұлыстың ұлы күнін қарсы алып отыр.

Күн өткен сайын майдангер ұрпақ өкілдері азайып барады.

Ауданда қазір небары қан майданның куәгеріндей санаулы ғана соғыс ардагерлері тұрады.

Бүгін Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы Соғыс ардагері Қабыл Ібжановтың шаңырағында болып, өткен күндерге саяхат жасаған ақсақалдың әңгімесін тыңдады.

Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген аудан әкімі сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдіріп, сый-сияпаттар тарту етті.

Ал, соғыс ардагері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.