АУДАН ӘКІМІ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДА
— Су қоймаларының ахуалы әркез бақылауда болу керек,- деген аудан әкімі Марат Сұлтанғалив таң атысымен аудандағы су қоймаларын аралауға кірісті.
Ынталы су қоймасында болып, қойманың жай күйін анықтады.
Сарысу ауданы бойынша екі су қоймасы, он алты ішкі су жүретін канал, сегіз бөгет және аудан жер көлемінен алты өзен ағып өтетін су жүйелері бар екенін айта кеткеніміз жөн болар.
Ынталы су қоймасы-Ынталы су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген. Су сыйымдылығы 30,0 млн м3.
Ал, бүгінгі таңда қанша су жиналуда, алда не күтуде деген сауалдар төңірегінде тиісті мамандар тоқталып өтті.
Ендігі кезекте мәселенің шешімін табу. Аралау барысындағы басты мақсатта осы болды.
Төтенше жағдайлар болдырмау мақсатында қоймаға кезекшілік кестесі құрылып, мекеме қызметкерлерінің бақылауында.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы