БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР…
Дана халқымыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп бекер айтпаған.
Халқымыз әрқашан тілегін тілеп, берілген батаға ерекше ден қойған.
Қуанышты тойлар мен келелі жоралғыларда ауылдың қадірлі қариясынан бата алып, тіршілігімізбен жаңғырып отырған.
Бата сөздері ісіміздің алға басуына, тұрмысымыздың оңалуына игі әсерін тигізіп қана қоймай, ол ұрпақ тәрбиесінде де айрықша рөл атқарып келеді.
Біз ұрпақты бата сөздерге мән берумен бірге бата алуға тырысуға үйретуіміз керек.
Бата алу бақыт пен жақсылыққа жетудің ең ізгі жолы екеніне көздерін жеткізуіміз керек.
Баталардың ішінде Ұлыстың ұлы күнінде айтылатын бата ең үлкен бата деп есептелген.
Міне, бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев ұлыстың ұлы күні көрегенді елдің баласы екендігін көрсете білді.
Қариялармен жүздесіп, ақ баталарын алды.
Байқадам ауылдық округінде жиналған қариялар болар елдің баласы дегендей, қырық жаста қамал алар азаматқа, сәттілік тілеп, емін-еркін әңгіме дүкен құрды.
Расында бұрыңғы кезде ауызы дуалы айтқаны айдай адамдардан бата алуға тырысқан.
Олардың берген батасы бос кетпей, қабыл болады деп ойлаған.
Олай болса ұлыс оң, баталы жастарымызбен, көнекөз қарияларымыз аман болсын!
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы