Қарағанды облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Наурыз мерекесі күндері қала және ауыл тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді.
Қарағанды облысында Наурыз мерекесі күндері қала және ауыл тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Жалға берілетін тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінді.
Наурыз мейрамы Абай, Жаңаарқа және Нұра аудандарының, Приозерск қаласының бірқатар тұрғындары үшін қос мерекеге айналды.
Топар ауылында 18 пәтерлі үй салынды. Әлеуметтік қорғалатын санаттағы кезекте тұрғандар: аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар және т. б. тұрғын үй алды.
Жаңаарқада «Жаңа Нұр» шағын ауданында пайдалануға берілген жаңа үйден 16 отбасына кілттері табыс етілді. Нұрада ек отбасы баспаналы болды, олардың бірі көпбалалы отбасы. Приозерск қаласында он отбасы баспаналы болды.
Жалпы, Қарағанды облысында биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр – бұл 2020 жылға қарағанда ширек есе көп. Аталмыш көрсеткіштің ішінде мемлекеттік тұрғын үй 165 мың шаршы метрді құрайды, кезекте тұрған 2 900 адам пәтерлермен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Жомарт Шаймұрат