ЖЕКСЕНБІЛІК ЖҮЗДЕСУ
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев жексенбі күні де таңертеңнен бастап ауданның тыныс-тіршілігімен танысуды жалғастырды.
«Жаңатас көлік» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінде болып, директоры – Молдабеков Хасен Смағұлұлымен тілдесті.
Серіктестік директоры 2000 жылдан бері жұмыстарын атқарып келе жатқан жоба туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Жобаның мақсаты: Халықты көлік (автобус) тасымалымен қамтамасыз ету.
Жұмыспен қамтылғандар саны: тұрақты 52 адам.
Автобус саны: 33 автобус. О.і. 32 автобус «Казфосфат» ЖШС жұмысшыларын тасиды, 1 автобус Жаңатас-Саудакент-Жайлаукөл бағытында қатынайтынын аудан басшысына айтты.
Аудан әкімі серіктестік жұмысына сәттілік тілеп, алда біргелікте жұмыс атқаруға шақырды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу аудан