ТҰТЫНУШЫ СЕНІМІ ЖӘНЕ САПА

Қазір құрылыс индустриясында бірде-бір ғимарат пластикалық өнімсіз салынбайды.

Себебі пластикалық бұйымдар ұзақ жылдарға дейін өңін бермейді, ыстық пен суыққа төзімді.

Соңғы жылдары аталған өнімді өндіретін шағын цехтар көбейді.

Осындай өнім біздің Сарысу ауданында да шығарылады.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құрылыс материалдарын шығаратын «F$TM» ЖШС-інде болды.

 

 

2010 жылы құрылып, халыққа сапалы өнімін ұсынып жатқан ЖШС директоры Мұрат Төлепбеков аудан басшысына атқарып жатқан істерін баяндады.

— Алғашқы жылдардағыдай емес қазір тұрғындар біздің мекемені біледі.

Тапсырыс көп. Әсіресе, үй салып жатқандар жиі хабарласады.

Біз тұтынушының талғамына сай, есік, терезені сапалы қылып салуға тырысамыз.

Өнімнің сапасы жақсы болса, тұрғын риза болады.

Ал тұтынушының көңілінен шығу — біз үшін үлкен мәртебе. Олар бір-біріне айтып, бізге жарнама жасайды.

Осылайша клиенттеріміз көбейеді. Қазір терезе шығарушылар көп.

Бәсеке мықты. Сондықтан ең алдымен сапаға мән береміз.

Бүгінде 16 адамды жұмыспен қамтып отырмыз,,-дейді жеке кәсіпкер.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы