ЖАҚСЫ СӨЗ –ЖАНҒА ШИПА

«Ауырып тұрдым-аунап тұрдым» деген, Алла шипасын салса, құлантаза айығып, әлі-ақ ортамызға аман-есен ораларсың.
Алланың рақымынан күдеріңді үзбе! Дертіңе шипасын сұра, – деп бала кезімізде үлкендердің айтып отырғанын еститін едік.

Бүгінде індеттің елді алаңдатып отырған сәтінде науқастарға жылы сөз айтып, демеу болғанға не жетсін?

Аурудың хал-жағдайын білу, жақсы сөз жанға шипа екенін халқымыз біліп, еміне шипа тілеп бүгінде де аурудың халін сұрасып тұрады.

 

 

Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде, дегендей, бірінші Алланың, сосын осы ақ халатты абзал жандардың арқасында емге шипа қонып жатады.

Науқастарды тек дәрімен ғана емес, жылы сөздерімен жұбатып, қаржылай көмек қолдарын созып, тәуір болып кетуге септігін тигізудің өзі үлкен сауап.

Міне, бүгін осындай ізгілік иірімі Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтың бастауымен жүзеге асты.

Аудан басшысы күні кеше жеке қабылдауға келіп, қызының суретін көрсетіп, денсаулығы туралы айтқан ананың үйіне барып, қаржылай көмек қолын созды.

Дертіне шипа тілеп, алдағы уақытта да қаржылай, қажеттіліктеріне көмектесіліп, ақ халатты абзал жандар тарапынан қашанда қолдау болатынын жеткізді.

Ақ жаулықты ана аудан басшысының бұл игілікті ісіне алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы