Отбасымызбен ерікті түрде екпе салдырттық
«Отбасымызбен ерікті түрде екпе салдырттық», — дейді облыстық маслихаттың депутаты Самал Байкиева.
— Коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы — екпе салдыру. Бүгін отбасымызбен коронавирустан сақтану үшін ерікті түрде екпе салдырдық. Екпені тұрғылықты жердегі емханадан алдық. Медицина қызметкерлері вакцина салмас бұрын барлық ережелермен таныстырды және алдын-ала тексеру жұмыстарын жүргізді. Екпе салып болған соң 30 минутқа жуық бақылаудан өттік. Қазіргі уақытта өзімізді өте жақсы сезінеміз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ, — дейді халық қалаулысы бізбен әңгімесінде.
Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы