«Адам үлкейген сайын бала секілді болып кетеді»
«Адам үлкейген сайын бала секілді болып кетеді» деген сөз рас. Олар тез ренжиді, кішкентай кезіміздегі өзіміз секілді, сәл ғана нәрсеге өкпесін айтып, көңіл-күйі түседі.
Бірақ сол кісілер бала кезімізде біздің асты-үстімізге түсті емес пе?
Бүлдіріп қойсақ та, тамақ төгіп алсақ та, еш жиіркенбей тазалап, сүртіп, еркелетті емес пе? Сүрініп қалмасын, бір жерін жарақаттап алмасын деп тыным таппай соңымызда жүрді емес пе?
Ал енді қартайған шағында…
Бәрін өзіміз шешіп,
Бәрін өзіміз біліп,
«Сіз барып жата беріңізші»
«Сіз араласпай-ақ қойыңызшы»
деп қақпайлағанымыз қай сасқанымыз?

Үлкен кісі үшін ең ауыр азап – ешкімге керек болмай қалу. Ең қиыны, туған бала-шағасына керек болмай, назардан, бір ауыз жылы сөзден тыс қалу. Өзін артық адамдай сезіну…
Сондықтан ҰЛ ӘКЕСІНЕН:



деген секілді үйдегі шаруаларды сұрап, ақылдасып тұрса;
КЕЛІН ЕНЕСІНЕН:



деген секілді сұрақтарды қойып, ол кісілердің пікірінің, ойының маңызды екенін білдіріп тұрса, оларға мейіріммен қараса, ата-ана үшін бұдан асқан бақыт, бұдан асқан шаттық жоқ!
Үлкендерді сыйлайық, бәлкім біздің ісіміздің оңға басып, жолымыздың ашылуы — сол қарттардың батасына, көңіліне тіреліп тұрған болар?!.