Бас прокуратураның қадағалауымен, Әліби іс қайта қарала бастады!
немесе
`Үніміз жетті, үміт ақталса…`
Иә, Әлібиді сынады… Алла сүйген құлына сынақ жібереді. Өте бағалы – өмірімен, уақытымен сынады. 2 жылға жуық уақыт мамандандырылған түрмеде жазықсыздан жазықсыз жапа шегіп, 10 жылға сотталып, тар қапаста 2 жылын өксікпен өткізген Әліби Қаныбекұлы Өтепбергенннің тағдыры «көзі ашық, көкірегі ояу» әрбір жанды бейжай қалдырып отырған жоқ. https://m.facebook.com/groups/2311275672530253/permalink/2903889973268817/ Сот ісі бір жақты ғана қаралып, ешбір айғақ дәлелсіз сотталған Әлібиге араша сұраған қоғамның дауысы күн өткен сайын зорайып барады. Жастар-еліміздің ертеңі. Ендеше елі ертеңін әділетсіздік құрбаны етіп, темір торға тоғытып жатса, болашақ бұлыңғыр болмай ма?! «Біз әділдікті талап етеміз! Әлібидің әділетсіздік құрбаны болуына жол бермейміз! Әліби ісі қайта қаралсын! Әділ шешім шықсын!» деген жанайқай мен Әлібиге айғақсыз тағылған айыптың ызғары еліміздегі әділдік сүйгіш барлық қоғамның басын қосып, жүрегі мен тілегі бір жастың да жасымыстың да, ел ағалары мен ел аналарының да жанын жабырқатып, жақсының жаршысы болуға жұдырықтай жұмылдырды. Қазір Әлібиге араша іздеген, әділдік сұраған, Әлібиді қолдаған қоғамның, ұстаздары мен достарының, жастардың, ағайын-туыстың, жастардың, жанашыр азаматтардың бірлесе көтерген үні БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде күн сайын, тіпті сағат сайын үздіксіз жарияланып келеді. https://www.instagram.com/p/CCwdfj4jq2I/?igshid=1nax1zflor77n
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2816389515284187&id=100007394972756
Абыз ақсақал қазақ кино, театр өнерінің тарланы Асанәлі Әшімов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ілиясова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Светлана Айтбаева, журналист, мәдениеттанушы, этнограф Серік Ерғали сынды басқа да өнер адамдары, журналистер, қоғам қайраткерлері Әліби ісінің әділ шешімін табу керектігін айтудан, жазудан бір сәтте жалыққан емес. https://www.facebook.com/aldiyar.tabishov
Әлібидің келешегінен зор үміт күтіп, талантын бағалаған ұстазы, қазақ өнерінің жарық жұлдызы «Қазақтың қыз Жібегі» Меруерт Өтекешова аналық жүрегін «қолына алып», өнерлі, өрелі, өнегелі шәкіртінің тағдырына алаңдап, бармаған жері, ашпаған есігі жоқ. https://m.facebook.com/groups/2311275672530253/permalink/2903889973268817/ Бірақ Әліби ісі екі жыл бойы қайта қаралмай, әділетсіздік тамыры қиылмай, жазықсыз жеткіншектің жас өмірін өксітіп, уақыт өтіп жатыр. Әліби ісіндегі тайға таңба басқандай тергеушілердің қателігі анық, дәлелдермен көрсетіліп, қаншама бағдарламалар арналып, бейнероликтер түсіріліп жатса да селт еткен Үкімет немесе Бас прокуратура, құзырлы органдар болмаған еді.
Дегенмен, еститін Үкіметтен күдер үзе бастағанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі сот төрелігіне қатысты «Әр істің соңында адам тағдыры тұр» деген сөзі дем беріп, әсіресе «Qazaqstan dauiri» халықаралық, қоғамдық-саяси газеті (18 ақпан 2021 жылғы N7 саны) ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің назарына «Жазықсыз жапа шеккен Әлібиге араша!» деген мақала жариялағаннан кейін https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2816389515284187&id=100007394972756, үміт оты қайта жанғандай болды. Кейін журналист, мәдениеттанушы, этнограф Серік Ерғали бастаған азаматтар, қоғам белсенділері Facebook парақшасында онлайн (zoom) https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4045864758797880&id=100001231868135&anchor_composer=false конференция өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа «Жоғарыда келтірілгендерді басшылыққа алып: ҚР азаматы Өтепберген Әліби Қаныбекұлының ҚР ҚК 124-бабы 3-бөлігі бойынша жазаға кесу үкімін қайта қаратуға тікелей араласуыңызды СҰРАЙМЫЗ»! деп Үндеу арнады (14.03.2021). Онлайн конференцияның ізін ала «Qazaqstan dauiri» халықаралық, қоғамдық-саяси газеті (15 наурыз 2021 жылғы N11-12 саны) «Халық талабы – Әлібиді ақтау!» деген мақала https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2854705848119220&id=100007394972756 жазды. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегендей, көптің үні ақырындап жоғары жақтың құлағына шалынды.
«Аққа Құдай жақ» дейді емес пе халық даналығы, қазір Әлібиге артылған айыптың ақ-қарасын ажырату мақсатында ҚР Бас прокуратурасы Ақтөбеден қылмыстық істі алдырып, арнайы қазақ тілді тергеушіге беріп, тексеріп жатыр. Ендігі үміт осы азаматта! Тек іс бір жақты зерттеліп қана қоймай, бұған дейінгі соттар неден қателесті дегенді анықтаса екен деген тілек бар. Сондай-ақ Әлібидің адвокаттарын шақырып, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Әлібидің әкесі Қаныбек Өтепбергенмен, жанашыр зиялы ағалары және аналарымен кездесіп, тілдессе болар еді! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=316761323299549&id=100048970521710
Алайда «Жемқорлық жегідей жеп жатқан» қоғамда «Қарға қарғаның көзін шұқымас» деген күдік те бар. «Елімізде тергеушілердің кесірінен қаншама адам әділетсіз сотталып жатыр. Мұны бәріміз білеміз. Орыстар «рука руку моет» дейді. Сот бірін-бірі қолдайды. Сот шешімін кері қайтарып, күшін жойып, әділ шешім қабылданса, заңсыздыққа жол берген адамдар жауапқа тартылады. Бұл да әділдіктің жолын кесетіні анық. Өкінішке орай, құзырлы органдарда Әлібидің тағдырын, мемлекеттің беделін, жоғары адам құқын қорғау принципін, заңның жоғары мәртебелі принципін қолдап отырған заң адамдары жоқ. Сондықтан өзіміз құқық қорғаушылар топ құрып, сараптамалық кездесу өткізіп, Әліби ісінде халықаралық құқықтық стандартқа келмейтін қандай процессуалдық қателік бар, соны талдап, дәлелдеуге дайынбыз», -дейді «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова. Дегенмен, ҚР Бас прокуратурасына, істің әділдіген тексеріп жатқан азаматтарға халықтың үні, жанайқайы жетер! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1739770559535663&id=100005082063852 Жақында НТК телеарнасындағы «Сан сауал» бағдарламасында елге елеулі азаматтар тарапынан Әліби туралы ерекше пікірлер айтылды. Еліміздің Ата заңы — Конституциямызда «Адам өмірі, құқығы мен бостандығы – мемлекеттің ең қымбат қазынасы» деп жазылған. Заң ханға да, қараға да ортақ. Кінәлі жазасын өтер, ал кінәсіз ешкім де ешқашан жалған жала арқалап, жапа шегуі тиісті емес екенін ескерер!
Жоғарыда айтқанымыздай, Әлібидің басына іс түскелі бері оған әділдік сұрап жоқтаушысы болған он мыңдаған жанашыр, қамқор жандардың пікірі, лебізі, жанайқайы «Qazaqstan dauiri» халықаралық, қоғамдық-саяси газеті мен сайтына, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтына басқа да әлеуметтік желідегі «Әлібиді қорғайық!», «Әлібиге әділдік» деген топтарда да әлі күнге дейін тоқтаған емес. Бүгінге дейін қолдаушылар өз ойларын ортаға салуды толассыз жалғастырып жатыр. Әліби ісі әділ шешілмейінше, бұл толқынның тоқтайтын түрі байқалмайды. Олардың саны көбеймесе, азаятын түрі көрінбейді.
Биыл университет бітіріп, диплом алуға тиісті Әлібидің группалас, крустас достары жазған лебіздерге де көз сүрінеді. Жастардың естелік пікірлерін жан тебіренбей оқу мүмкін емес. Facebook парақшасында Әлібидің группаласы https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=318396086525067&id=100050640353490 Меруерт Муссина: «2017-2021… Уақыт зымырап өтуде. Кеше ғана оң-солымызды әлі танып үлгермеген, ата-анамыздың қасынан енді ғана келіп жаңа ортаға, жаңа қоғамға қосылып жатқан едік. Бүгін міне 4 жыл көзді-ашып жұмғанша өтті де кетті.
Биыл, аяулы ұстазымыз Меруерт Қаратайқызы Өтекешеваның мерейлі 70 жылдық тойын атап өттік. Меруерт апайымыз актерлік шеберліктен бөлек, бізді адамгершілікке, карапайымдылыққа, сұлулық пен тазалыққа, соның ішінде жан сұлулығы мен жүрек тазалығына үйретіп келеді.
Біздер осындай адамнан тәлім алып, жаңа өмірге аяқ басып, үлкен сапарға кетіп бара жатқанымызға қуанамыз. Тек осы төрт жылдың ішінде группамыздың әр баласының ішін күйдіретін бір әттеген-айлары бар.
Елімізде әділетсіздіктің бар екеніне сенбейтін едік. Бірақ сол дүние өз басымызға түсті. Қатарласымыз, группаласымыз, досымыз, тай-құлындай ойнақтап, кең даланың төсінде емін-еркін бірге жүрген замандасымыз — Әліби өтіріктің құрбанына айналды. Ол группамыздың старостасы, қамқоршысы, әрдайым жаны ашып тұратын өте мейірімді, жүрегі кең, ниеті түзу топтың жанашыры еді. Меруерт Қаратайқызының сенімді студенті еді…
Міне, темір тор ішінде отырғанына 2 жыл болды. Қанша шырылдап, қанша жердің табалдырығын тоздырсақ та шындыққа құлақ асар тірі жан табылар емес. Әліби қазір қасымызда болса, университет аяқтап жатқан осындай қуанышты сәтімізде көзімізде жас орынына жүзімізде күлкі тұратын еді.
Өкінішті…
Қазіргі таңда, Әлібидің ісі Бас Прокуратурада қарастырылып жатыр, тек дұрысынан қаралып, егжей-тегжейіне дейін, ақ-қарасы ажыратылып қаралса екен, соны талап етеміз! Құдай қолдап, әділдіктің таңы атсыншы! Біз сенеміз, үмітімізді үзбейміз! Әліби, біз сенімен біргеміз!» деп жазды. Иә, он мыңдаған тілекші жандар Әлібидің сағының сынбауын, қажыр-қайратының мұқалмауын тілейді.
Ал «Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі. Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші Құран атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай. Рамазан — сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар ең берекелі ай. Рамазан — жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын құтты айы.
Әлібидің басына іс түскелі қолдаған, жанашыр, қамқор жандар өте көп болды. Қазіргі уақытта да сондай жандар саны көбеймесе, азайған емес… Қазақтың бір баласы үшін, Әлібидің өмірі үшін алаңдап, қолдаған Сіздерге мың алғыс!
Я, Әлібиді сынады… АЛЛА сүйген құлына сынақ жібереді. Өте бағалы өмірімен уақытымен сынады… Міне, бірнеше күннен бері ҚР Бас прокуратурасы Ақтөбеден істі алғызып, қайта тексеріп жатыр. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген сөз баршамыздың көкейімізде! Бұл іс қасиетті рамазан айында тексеріліп жатыр, сенім бар. Сенеміз! «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді. Біз сенеміз Аллаға, ҚР Бас прокурорына аманат етеміз!
«Жалындаған жастық шағын ұрлағандар адамның алдында емес, Алланың алдында қандай жауап айтар екен? Ол тіршілік тірлігін, кең даласының еркіндікте тыныс алатын ауасын сағынды…
Жазықсыз сотталған жаныңа жара түспесін, ең бастысы. Жадыраған жаныңның бағына қайта бір үміт гүлі өсер. Күт! Тілекшің көп, қорғаның Алла…
Рамазан айы құтты болсын жақсы адамдар! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, тілеген дұға-тілектеріміз, жасаған қайырлы амалдарымызды АЛЛА қабыл етсін! бұған алып қосарым жоқ. Әлібиді дұғамызға қосып, Алладан әділдік орнауын сұрайықшы!» https://www.instagram.com/p/CCwdfj4jq2I/?igshid=1nax1zflor77n деп жазған үлкен тілек иен зор үміт ойландырмай қоймайды…
«Бұл пікірді оқып сай сүйегім сырқырап, жүрегім жылады. Біз газеттің ұжымы түгел Әлібиге жоқтаушы болып, мыңдаған әділдік іздеушілердің біріміз.
Айналайындар ау қараңыздаршы, «Сіздерге мың алғыс» депті не үшін «билікке естіртпейтін жандайшаптарға ма, билікке ме», өсек-аяң бір-бірін қаралайтын аяқтан шалған, дәлелденбеген дауды қуып жүрген тобырға ма..? Естігісі келмейтін, мақтауға өтірік лепірме сөздерді ғана тыңдағысы келетін бюрократ шенуніктерге ме..?! Халықты құлағынан теуіп, өтірік есеп беретін жандайшаптарына ма..?! Кімге алғыс, айтыңдаршы кімге ..?!
Әлеуметтік желінің өзін қарап отырсаңдар қоғамның бейнесін толық көруге болады. «Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін» деген тура әлеуметтік желідегі жағдай. «Алдар көсенің же, шапаным же» дегені еске түседі. Қарапайым азаматттардың жанайқайы, ашық хаты, үндеуі, журналистердің сол халықтың үнін жеткізетін мақалалары, естілмейді, оқылмайды, жетпейді. Жемқорлар сағат сайын үсталады, олар ақша төлеп құтылып жатады, тіпті оған да құлақ үйренді… Ақ қараны ажырататын соттар ұсталып, қамалып жатады», — дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жоғарғы сот кеңесінің бұрынғы мүшесі, сондай-ақ, аудандық соттың төрағасы болған, 30 жылдық еңбек өтілі бар, жоғарғы соттың судьясы ұсталды. Бұл оқыс оқиға жұрттың бәріне белгілі. Жоғарғы сот кеңесінің және Жоғарғы соттың басшылықтары осы оқиғадан сабақ алып, қажетті шешім шығаруы керек деп ойлаймын», -деп, 30 жылда қара қылды қақ жарар әділ соттың қалыптаспағанын атап өткенін бүкіл халық біледі. Әліби ісі сол әділетсіздіктің, әділдікті белінен басқан соттардың анық ісі екеніне анық көзіміз жетті. Біздің құқық қорғау қызметкерлеріміз арманы асқақ, арқа сүйер азамат болып өсіп-жетіліп келе жатқан жастың тағдырына, ертеңгі жарқын болашағына балта шапқаны шындық. Президентіміз Қ. Тоқаев бұл саланы мықтап қолға алды. Біздің де халықтың да үміт шырағы жанды.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы: «Бірақ биліктің бәрін қаралауға болмайды, жеткізетіндер жеткізбей жатады, солар әр түрлі құйтырлыққа салып естіртпейді..! Жандайшаптар халық пен биліктің арасын алшақтатып жатқан! Халықты солар өзінің қалпына түсірді. Халықтың сенімін жоғалтты! Олардың да күні бітер, Алланың, ардың алдында жауап берері сөзсіз. Мемлекет басшысы бақылаушы органдардың қызметкерлеріне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығы туралы айта келіп, онда азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге үлкен мән берілетінін ескерткені жанайқайымыздың жетер жеріне жетіп, үміттің ақталатынына сендірді!
Үлкен қорқыныш рухсыз, намыссыз, мейірімсіз болып барамыз, ағайын. Бірақ қашан да үмітпен өмір сүреміз. Адал, Алла деген азаматтар бар. Олардың да асырап отырған ұл-қызы бар. Міне, Әлібидің екінші рамазаны өтіп жатыр, тар қапаста. Алладан үміт бар. Артында Әлібиге сенетін халқы, туған-туысы, ұстаздары, дос жарандары бар. Әрекетке, Алла берекет береді» -дейді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1781665042012881&id=100005082063852 Шынында да «Сабыр – түбі сары алтын!» демей ме бабаларымыз, ақ түйенің қарны жарылып, сүйіншілейтін күн де алыс емес шығар.
«Әліби ісінде әділдік орнауы керек. Тек қана Әліби үшін емес, тек Әлібиді бостандыққа шығару үшін ғана емес, бүкіл баланы шындыққа тәрбиелеу үшін қажет. Балаларымыздың ойында «біреуден өш алам, біреуді жауапқа тартам» деген арам пиғыл болмасын. Тағы бір айтатын нәрсе. Әлібидің группаластары секілді жастардың жүрегіне күмән ұяламасын. Қазақстанда еңбек ету қауіпті, жазықсыздан жазықсыз жазалануымыз мүмкін деген үрей болмас үшін… Қазақстанда заң орындалмайды, Қазақстан сотының әділдігі жоқ деген жастардың күмәні болмау үшін, біз, күресуіміз керек. Сондықтан Әлібидің бостандығы бірінші болса, екіншіде балалардың тәрбие, сенім мәселесі тұр»,- деп Зәуреш Батталова дұрыс айтады. https://www.elana.kz/alibi-aqtaluy-kerek/
Иә, Әліби ісінде үлкен күрескерлік пен сабыр керек! Әліби ақталуы керек! Бұл еліміздің сот жүйесіндегі тамыры тереңдеп бара жатқан, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бір қадам болса да әділдікке жақындау үшін және келешек ұрпақтың мемлекетімізде адам құқының аяқ асты болмайтынына, құқықтық тұрғыда еркін әрі қауіпсіз еңбек етеміз деген жастардың сеніміне селкеу түсірмеуіміз үшін де қажет.
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ, журналист
Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінен