Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы іске асырылу қорытындылары талқыланды

Қарағанды облысындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі осы жылдың бірінші тоқсанында бағдарламаның алты негізгі бағыты бойынша 649 іс-шараны жүзеге асырды. 2021 жылға барлығы 1500-ден астам түрлі жобалар жоспарланған.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың төрағалығымен өткен «Рухани жаңғыру» сараптамалық кеңесінің онлайн-отырысында айтылды. Сондай-ақ, осы жылдың алғашқы үш айындағы бағдарламаны іске асыру қорытындылары талқыланып, одан әрі жұмыс істеу үшін басым бағыттар айқындалды.

 

 

Биыл бізде 167 ауқымды іс-шара жоспарланған. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында барлығы 649 іс-шара өткізілді. Олардың негізгілері – Шет ауданының Мойынты ауылында Таныбай батырға ескерткіш орнату, «Сарыарқаның жаңа есімдері», «Менің атам… менің әжем», ұлттық киімдер челленджі, «Әз-Наурыз» ақындар айтысы және т.б. бар, – дейді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айтбай Жұмағұлов. – Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жаңа жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, «Алаш афоризмдері» айдары, «Азамат» бағдарламасы және «Ұлттық қызмет» жобасы. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Осы жылға жоспарланған ең ірі іс-шаралар қатарында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің ашылуы, Қарағанды облысының қасиетті жерлерінің смарт-картасын әзірлеу, «Ұлтқа қызмет», «Алтын аспап» жобалары және «Жезкиік» халықаралық музыкалық фестивалі бар. Олардың барлығы тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтеді.

 

 

Отырыста іс-шараға қатысушылар арасында пікір алмасу барысында айтылған барлық ұсыныстар тыңдалып, назарға алынды.

Атап айтқанда, облыстың оқу орындарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды күшейту ұсынылды.

Ол сондай-ақ 2021 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сапалы әрі тиімді іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Бағдарламаның негізгі бағыттарын насихаттау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет екені айтылды.

 

 

Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғам өмірінің барлық салаларына қатысты ұлттық деңгейдегі кешенді және ауқымды жоба екенін атап өтті.

 

                                                                                                       Жомарт Шаймұрат