Kokmaisa fest – 2021: Ұлытау ауданындағы этнофестивальде онлайн-туристер қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты
Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Терісаққан ауылында онлайн режимінде дәстүрлі Kokmaisa fest – 2021 этнофестивалі өтті. Биыл ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
«Әр көктемде Терісаққан ауылында «Ұлытау» қорық-музейінің қызметкерлері этнофестиваль өткізеді. Ауыл тұрғындары үшін әр көктем — үлкен мереке. Этнофестиваль тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Биыл оған АҚШ, Франция, Бахрейн әмірлігі, Польша, Украина, Ресей, Орта Азия елдерінен туристер, сондай-ақ ЮНЕСКО, National Geographic, Discovering Kazakhstan, «Тұран – ТВ» және ресейлік «Охота и рыбалка» телекомпаниясының өкілдері қатысты», – деді Ұлытау ауданы әкімдігінде.
Kokmaisa fest – 2021 көрмесінде «бие байлау», «айғыр қосу» және «қымызмұрындық» сияқты әдет-ғұрыптар көрсетілді. Әр үйдің ауласында әр түрлі ұлттық тағамдар мен деликатестері бар үстелдер қойылды.
Этнофестиваль – шетелдіктерді қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерімен таныстырудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.
Жомарт Шаймұрат