Жақсы есім қоюдың маңызы
Жаңадан өмір есігін ашқан нәрестеге жақсы есім қоюдың маңызы аса зор. Қазақта: «Жақсы сөз жарым ырыс» деген қанатты сөз бар. Ұлтымыз ежелден жаңа туған сәбиге ерекше мейріммен қараған. Ұрпақ тәрбиесіне аса жауапты болған. Бала тәрбиесін тал бесіктен бастаған. Ең алдымен жақсы есім қоюдың маңызды екендігін жете түсінген.
Балаға есім қою туралы ата дініміз исламда да көптеген тағылымды хадистер бар.
Хадис шәрифте «Есімі жаман болған адам оны әдемі атқа ауыстырсын» деп бұйырылған.(Бәриқа) Яғни балаға жақсы есім таңдалсын, ол сол арқылы өз ғұмырында бақытты, дұрыс жолда болады деп ескерткен.Жас нәрестеге түсініксіз, бақытсыздық шақыратын кәпірдің есімін қоюдан да аулақ болу керек.
«Қияметте әкелеріңнің атымен бірге шақырыласыңдар, олай болса аттарың әдемі болсын!»(Әбу Дауд) деген ұлағатты хадис бар. Бір сөзбен айтқанда адам атының жағымды, үйлесімді болуы Ұлы Жаратушының алдында зор мәртебе екендігін айтылған. Ұлы жаратушы Алла Тағала адамдарға атының да өзінің де, мінездерінің де көркем болуын, яғни барлық әсемдіктің пендесінде болуын бұйырған. Адам Алланың бұйрығына мойынұсынушы.
«Балаға әдемі ат қою, дінін үйрету және уақыты келгенде үйлендіру баланың әкесіне деген ақыларына жатады.» (Әбу Нуаим) Мұнда балаға деген ата-анасының парыздары барынша түсінікті етіп айтылған. Сонымен қатар нәрестеге жақсы есім қоюда әкесінің басты парызы екендігін баса айтып өткен.
Жас нәрестеге ат қоюда ұлтымыздың талғамы ерекше болған.
Есімі арқылы баланың болашағы жарқын болуын тілеген.
Халқымыздың ат қою үрдісінде қасиетті Құраннан есімдер қою көбірек кездеседі. Бұл асыл дінімізге деген құрмет, әрі баланың болашағына деген ырым және Ұлы жаратушыға деген шексіз махаббатттың белгісі болса керек. Сол дәстүр үзілмей күні бүгінге дейін ата-бабалар салған жолмен есім беру мәселесінде бабалар жолын ұстанып келеді..
Әсіресе ұлы тұлғалардың есімін көбірек қойған. Бұл өскенде сол тұлғалар сынды болып өссін деген жақсы ниетпен туған болса керек.
Балаға есім таңдаудағы талғампаздықтың ар жағында халқымыздың болашаққа деген сенімі мен ерік жігерінің көрінісін байқауға болады.
Халқымызда тарихтағы ұлы тұлғалардың және қасиетті Құраннан есімдері қойылған балалар өскенде есіміне дақ түсірмей атына затына сай ұлағатты азамат болып өсіп, қалыптасады деген тағылымды тәрбие бар.
Әр адам ұрпағымен мың жасайды. Ұрпақ артта қалған із, сондықтан балаға есім таңдауды талғаммен қарап, ел тізгігінін берік ұстайтын салауатты ұрпақ тәбиелейі
Томирис Ерланқызы