«Біз өзімізді қазақстандық, Қазақстан халқы деп атаймыз, сондықтан біз мемлекеттік тілді дамытуымыз керек
30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан көркейіп, әлемдік алаңда танымалдылыққа ие болды. Бұл — біздің Еліміздің бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан көпэтносты халқының сіңірген еңбегі. Халықтар достығы күшейіп, онымен бірге ел нығая түсті.
15.05.2021 жылы ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Буларов Ілияс Юсупұлы, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы, Ақмола облысының имамы Сабит Қуаныш Жұмабайұлы, Атбасар ауданының имамы Чопабеков Ақылбек Суюнбекұлы және Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуатбеков Қуаныш Өмірзақұлы Тельман ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты: жергілікті тұрғындардың мәселелерін талқылап, сұрақтарына жауап беру және мешіт соғып жатқан ауыл белсенділеріне қолдау көрсету.
Жиынға Тельман ауылдық округының әкімі Адепбаева Құрмет Каниевна , әр ұлттың өкілдері ретінде ауылдың белсенді азаматтары мен ақсақалдары Саурыков Ораз Болтабекұлы, Байзақов Қайрат, Ибраев Төлеген Байзұрұлы, Кадымагомаев Омар Паша Мхалович, Харбиев Омар Харбиевич, Бишанло Рамазан Омарович және Алиев Шамиль Ширванлиевич қатысты.
Тельман ауылы өз қалыптасуымен Егемен еліміздің тарихын, сонау қиын қыстау кезеңдегі оқиғалары мен бейбіт күндегі жетістіктерін айқындайды. Бір шаңырақтың астында 13-тен астам этностардың өкілдері ынтымақта өмір сүріп келеді.
Тарихи көші-қон салдарынан ауыл тұрғындарының негізгі құрамын бұрыннан қазақтар, дүнгендер, шешендер, немістер мен орыстар құрайды. Жиырма жыл бұрын Тельман ауылында тамырын терең жайған 30 дұнған отбасына пәтер кілттері табыс етілді.
Ауылдық округ әкімдігінің қоржыны біраз игі шараларға толы. Жергілікті инфрақұрылым кеңінен дамыған. Мектепке, мәдениет үйіне, дәрігерлік амбулаторияға жыл сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға арналған мектептің спортзалы замануи спорттық жабдықтармен қамтылғаны қуантты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ильяс Юсупович Буларов өзінің салтанатты сөзінде: «Ауылдың барлық этнос өкілдері ақсақалдардың Намазхананы салу жөніндегі бастамасын бірауыздан қолдағаны қуантады. Тельман түрғындары атсалысып, шешен баурымыз Алиев Шамиль өзінің жер учаскесінде болашақ намазханаға орын бөліп берді. Еліміздің ағайындарының қатысуымен қаражат жиналып оразаның соңғы күні мүфтияттың қолдауымен, облыстың Құрметті бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы Сәбиттің қатысуымен біз бүгін болашақ мешіттің іргетасын қаладық». Депутат Буларов Ілияс Юсупұлы сондай-ақ барлық этнос өкілдерін мемлекеттік қазақ тілін үйренуге шақырды: «Біз өзімізді қазақстандық, Қазақстан халқы деп атаймыз, сондықтан біз мемлекеттік тілді дамытуымыз керек. Ұлы Абай: «Басқа халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды осы халықпен тең қылады», — деп айтқан еді. Егемен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы менің арманым». Сөз соңында ол әр отбасына амандық, бейбітшілік, ынтымақ пен татұлықты тіледі.
Басқарушы орган өкілдері мен ауыл белсенділері арасында ашық сұхбат өтті. Әр сұрақ өз жауабын тапты.
Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы өз сөзінде: «Ауданды дамыту және көркейту үшін әр азаматпен, әр қоғамдық қауымдастықпен бірігіп қызмет атқаруға дайынбыз. Еліміздің және әр азаматтың әл-ауқатының өркендеуі және халқымыздың бірлігін арттыру мақсатында қызмет атқаруды жалғастырамыз»,-деді. Сондай-ақ ол ауыл ақсақалдарына азаматтық пен жауапкершілікті жоғары сезінгені үшін және ауыл тұрғындары арасындағы тәртіпті, достық пен келісімді сақтағаны үшін шексіз алғысын айтты.
Қазақстан халқының гүлдену жолында ұлтаралық бірлік пен сыйластық өте маңызды фактор екенідігін тарих көрсетті, бұған Атбасар ауданы Тельман ауылының тұрғындарының достығы, өзара түсіністігі және бір — бірін қолдауы да дәлел болып табылады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ілияс Буларов.