Аудан әкімінің он күндік жұмыс барысынан…
- ІЗГІ НИЕТ
Айналамыздағы адамдарға қуаныш пен жылулық сыйлау – жақсы амалдардың бірі.
Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев пен аудандық мәслихат депутаты Талғат Түсіпбеков ауданымыздағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерінде болып хал-жағдайларымен танысты.
Аудан басшысы кездесу барысында олардың әрқайсымен жеке дара тілдесіп, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Тыңдай отырып болашақта өз аяқтарымен жүріп кетуді армандаған екі азаматты аудандық орталық ауруханадан толықтай тексеруден өткізуге жіберді.
Қазіргі таңда екеуінің біреуін облыс орталығына, біреуіне оңалту жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы облыс орталығынан мүмкіндік болмаған жағдайда Нұрсұлтан қаласына жіберуді көздеп отырмыз. Мұндағы мақсат әрбір мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үміттерін жағып, олардың қатарымызға қосылуына толыққанды жағдай жасау дейді.
Аудан басшысының бұл игі қадамы көпке үлгі боларлық.
Халық қалаулысы Талғат Болатұлы осы кездесуде азық-түлік пакеттерін табыстап, дендеріне саулық тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.
- ЖАҢАРҒАН КӨШЕ, ТАЗАРҒАН АУЛА
2021 жылы Жаңатас қаласы бойынша 10 жерге балалар ойын алаңшасы, 20 жерге жаттығу алаңшалары, 6 жерге кіші футбол алаңшасы орнатылатын болады.
Қазіргі таңда мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Күннен күнге жаңарып келе жатқан Жаңатаста кейінгі кездері көркі көз тартар заманауи ойын алаңшалары орнатылып, тұрғындардың қуанышын еселей түсті.
Алдағы уақытта елдімекен аулалары да жарқырап, жаңа кейіпке енетін болады.
Әсіресе, бұл үшін ойын балаларының көңілдері көтеріңкі.
Балалар қуанышын басты бақытымыз деп бағалайтын Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан көлемінде игі істердің атқарылуына ерекше көңіл бөлуде.
Қала ішіндегі ойын алаңшалары мен спортпен шұғылданатын орындардың тазалығы мен сапасы әркез аудан әкімінің назарында.
Бұл жолы да аралап шығып, қала көркіне көрік қосу, аудан әлеуметін асқақтатудың жаңа жоспарларын ойлаған аудан басшысы қала, ауыл басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
- ӘРБІР СҰРАНЫС БАҚЫЛАУДА
Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиев, Игілік ауылдық округінің әкімі Ж.Жанайдаров және Игілік ауылдық округінің ақсақалдарымен ұзындығы 15 шақырым болатын «Өтес» каналының жәй-күйімен танысып қайтты.
Аудан басшысы ауыл ақсақалдарының «Өтес» каналына латок салынса деген сұранысы бойынша Ұйым ауылына кіре беріс бөлігінен бастап Саудакент ауылының ішімен өтетін каналдың Өндіріс ауылының егістік жеріне келетін бөлігіне дейін жаяу аралап шықты.
Канал бойын аралай отырып аудан басшысы жағалай тасталған қоқыстарды көріп, бір айдың ішінде канал бойындағы қоқыстар алынбаған жағдайда барлығына айыппұл салынатынын жеткізді.
Сонымен қатар канал бойынан өтетін жердің қалмағынын, бақша бойын қуалай, аула-аула ішімен қаңғыған иттерді жол бойында қауіпті екендігінде назардан тыс қалдырмады.
Каналдан өтіп, келер бетіне жету үшін аудан әкімі әр ауланың шарбақтарын шамалы қысқартып, каналға жолдың ашықтығын, жол жүру мүмкіндігін қарастыруды қатаң тапсырды.
Аталмыш каналдың қазіргі жағдайымен танысып «КАЗСУШАР» Сарысу аудандық бөлімі басшысының орынбасары Ә.Жұпарбековке бір қатар тапсырмалар берді.
Каналдың қазіргі жағдайын толық тексеріп, тиімді жағдайларды қарастырып латок салуға ұсыныс беруін тапсырды.
- СПОРТҚА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК
Тәуелсіздігіміздің таңы атқаннан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында қыруар жұмыстар атқарылды.
Спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді.
Қашанда саламатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс.
Осындай ұстанымды ұстанған Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің спортқа деген сүйіспеншілігі жоғары.
Әр күнді жүгіруден бастап, салауатты өмір салтын ұстану арқылы, жұмысқа деген белсенділік ұлғайады, індеттің алды алынады дейді.
Расында да деннің саулығы салауатты өмір салтын қалыптастырудан басталары ақиқат.
Одан бөлек әр апта жүгіру марафонын да қалыптастыра білген аудан басшысы қаланы жаяу аралай жүріп, аула алдындағы спорт алаңшаларында ойнап жүрген жасөспірімдермен футбол ойынын ойнады.
Аудан тынысын терең түсініп, тұрғындармен тікелей жүздесіп те жүрген аудан әкімінің бұл жаңашылдығын өз еліне деген жауапкершілік, жанашырлық десек те артық емес.
- «ЖОМАРТ ТҮЛЕК-2021» ФОРУМЫ
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт Түлек-2021» форумы өтті.
«Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» деген нақыл бар.
Кездесудің басты мақсаты – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Түлектерді туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу.
Сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жетістікке жету тәжірибесімен және туған ауылдары туралы естеліктерімен бөлісіп, бірқатары бейнебайланыс арқылы, түлектердің басым бөлігі кездесуге келді.
Осындай игі іске қолдау білдіріп, Сарысу аудан әкімі Сұлтанғалиев Марат Қырғызәліұлы қатысты.
Аудан әкімі өз сөзінде;
— Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен басталған «Жомарт түлек 2021» түлектер кездесуі Сарысу ауданында да жалғасын тауып туған жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктен туған осындай игі іс-шаралар патриоттық сезімді күшейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосады деп сенеміз.
Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен ақпан айында алғаш рет облыстық «Жомарт түлек-2021» форумы өтті.
Осы игі істің жалғасы ретінде ауданнан түлеп ұшқан түлектер мен жомарт азаматтар бүгінгі форумда бас қосты. Форумға барлығы 44 азамат қатысып отыр.
Олардың 18-і осы залда болса, 26 түлек онлайн формат арқылы қамтылған.
Атап айтқанда, Республика көлемінде танымал, түрлі деңгейде қызмет атқарып жүрген 12 азамат, облыстық деңгейде 5 және жергілікті жерден 17 азаматы қатысуда.
Сарысу ауданы – береке-бірлігі жарасым тапқан елдіктің тұғырлы мекені.
Осы киелі мекенде қызмет атқарып, туған еліне тірек болған, туған жерінің гүлденуіне үлес қосқан, сындарлы кезеңде абыройға бөленген асыл азаматтар түлеп ұшқан.
Бүгінде ауданда «Жамбыл-түлек.kz» сайты ашылып, онда 10373 түлектің өмір жолы, жетістіктері, көрсетілген көмектері туралы ақпараттар енгізілген.
Олардың ішінде: мәдениет және өнер майталмандары, ақын-жазушылар, саяси және мемлекеттік қызметкерлер, білім және ғылым қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері, спорт саңлақтары бар.
Отанға деген патриоттық сезім туған жерді құрметтеуден бастау алса, әрбір түлектің кіндік қаны тамған атамекенін, білім алған мектебін түлетуге үлес қосуы – азаматтық парызы болып табылады.
Осы орайда, 2020 жылдан казіргі уақытқа дейін «Туған жер», «Мектепке тағзым» жобалары аясында апталы азаматтар алтын бесік – ауылының ажарлануына, көркейіп, дамуына 13 млн. 931 мың 501 теңгеге көмек көрсеткен.
Бұл форум Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – осы жетістіктерімізді одан әрі еселей түсудің, алға қойған ұлы мақсаттарға қол жеткізудің берік тұғырын орнатудың жарқын көрсеткіші.
Сіздерді осы игі бастаманы жоғары деңгейде өткізуге ықыласпен атсалысуға шақырамын!
Бірлік пен ынтымағы бар жерде – алынбайтын қамал, шықпайтын шың, аспайтын асу жоқ. Бірлік және елдік болашаққа деген сенімді арттырып, күш-қуатымызды еселейтіні анық. Бізді алдымызда халық игілігі үшін бірлесе атқаратын үлкен міндеттер мен ауқымды істер күтіп тұр.
Сондықтан да, баршаңызды игі бастаманы қолдауға шақырамын,-деді.
Ауданымыздан көптеген өнер майталмандары мен спорт саңлақтары шыққаны белгілі.
Солардың бірқатарының ізгі ниеттерін бейнеролик арқылы көпшілікке көрсетілді.
Содан соң ән айтылып, жырдан шашу шашылды.
Осы кездесу барысында қаламыздағы М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының түлегі Шымкент қаласының тұрғыны, Атырауда мұнай саласында жұмыс атқаратын Көлбай Қасқыров аудандағы мешіттің ішкі ауласын жөндеуге аяқ-астынан шешім қабылдап 1 млн. теңге беріп кетті. Нағыз еразаматқа тән жомарттық жасаған осындай түлектеріміздің ауданда қатары көбеймесе азаймасы анық.
Осыған орай «Жомарт Түлек» жобасы аясында демеушілік жасап, қолдау көрсеткені үшін бірқатар азаматтар марапатталды.
- ТАРАЗ ТӨРІНДЕГІ ЖӘРМЕҢКЕ
Тараз қаласы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы Grand Bazaar сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.
Сарысу ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері аталған жәрмеңкеге 400 кг жылқы еті, 300 кг сиыр еті, 500 қой еті, 200 кг сүт өнімдерін жәрмеңкеге ұсынып отыр.
Барлық өнімдер нарық бағасынан 10-15% төмен бағада сатылды.
- АУДАН ӘКІМІ ӨЗІ ОҚЫҒАН МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын.
Жоба мақсаты сол білім ошағынан түлеп ұшқан түлектерді кейінгі жас буынға таныстыру, үлгі ету.
Осы жоба аясында мектеп түлектері өздері білім алған ордаларына алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттермен бөлісіп, өз қолтаңбалары мен үлестерін қалдырып жатады.
Осы орайда кеше «Жомарт түлек» жобасы аясында,«Туған жер – бақыт ордасы» атты кездесу өтті.
Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясында өткен кездесуге аталмыш мектептің түлегі Сарысу ауданының әкімі Марат Қырғызәліұлы Сұлтанғалиев қатысты.
Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.
Оқушылар аудан әкімімен жүз бе жүз кездесіп, өз ойларында жүрген сауалдарын қойды.
Аудан басшысы мектеп қабырғасында өткен қызықты шақтарымен бөлісіп, оқушылардың сауалдарына жауаптар қайтарып, жас түлектерге тілегін білдірді.
- ҚАБЫЛДАУ
Кеше аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген қабылдауда жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.
Қабылдау барысында азаматтардың бірі денсаулық мәселесі бойынша өтінішін айтса, енді бірі баспана мәселесі бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар әлеуметтік жағдайларына қатысты өтініштерін де жеткізді.
Тұрғындардың жеке мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы Заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді.
Тұрғындар тарапынан жолданған мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді.
- АСАРЛАТҚАН АҒАЙЫНМЕН БІРГЕ…
Асар – қазақтың ежелгі дәстүрі, оның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жақынына көмектесу.
Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бұл игі дәстүрді жамбылдықтар қайта жаңғыртып, мұқтаж отбасыларға арнап үйлер салып беруде.
Осы орайда, Жамбыл өңірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Сарысу аудандық әкімдігінің бастамасымен және ауылдағы азаматтардың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған.
Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев асар жобасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап шықты.
Ағымдағы жылы Сарысу ауданың орталығы Жаңатас қаласында және 7 елді мекендерінде (Саудакент, Жайылма, Ұйым, Ә.Бүркітбаев, Досбол, Тоғызкент, Ұ.Сыздықбайұлы, Игілік) әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға «Асарлатып үй салу» тәсілімен ауыл тұрғындардың және демеушілер есебінен 5 жаңа жеке тұрғын-үйлердің құрылысы және 4 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осы бағытта Игілік немесе Өндіріс ауылында бір үйдің шатырын толық орнатылып беріледі деп күтілуде.
Игілік ауылдық округінің жаңадан тағайындалған жас әкімі де бұл іске аса белсенділік танытып, асарға өз үлесін қоспақшы.
Осындай игі іске тек әкім, басшылар ғана емес биылғы сайланған 12 халық қалаулысы да қатысуға құлшыныс танытып, әр үйге екі депутаттан бөлініп, олар толық сол үйлердің бітіп, құрлыстың басы-қасында болмақ.
- АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ…
Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде әр саладағы өзекті мәселелер қаралды.
Індеттің алдын алу, сақтандыру мақсатында аппараттық жиынға ауылдық округ әкімдері мен басшылар ZOOM бағдарламасы арқылы қатысты.
Аудан басшысы бірінші кезекте індеттің алдын алу міндеттілігін атап өтіп, екпе салудың қаншалықты маңыздылығына тоқталып өтті.
Күн тәртібінен ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, тазалық, тәртіп басқа да өзекті мәселелер тыс қалмай, нақты тапсырмалар берілді.
- ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы ауданымызда болды
Сарысу ауданына ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы іссапармен келіп кетті.
Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиев Ғ.Абдоллаұлына ауданның тыныс-тіршілігін таныстырды.
«Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларына барып, судың сиымдылығы мен жиналуын көрді.
«Қарапайым заттар экономикасы» пилоттық жобасы аясында іске асырылған Саудакент ауылының тұрғыны Б.Сармолдаевтың жылыжай жұмысымен танысты.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілген Сарысу аудандық орталық ауруханасына емхана бөлімшесіне барды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан Жаңатас қаласындағы жеке кәсіпкер Шайымқұлов Фархаттың сүт өндеу цехінде болып, кәсіпкерліктің кең өріс алып жатқанын, өкімет тарапынан тиімді бағдарламалардың осындай істерге жұмсалуына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар мұнай өнімдерін сақтау және өндеу зауыты, «Жарас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жүргізілген Жаңатас қалалық жылыту қазандығын, Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға көшуі» жөніндегі тұжырымдамасы аясында іске асқан Жаңатас жел электр станциясы, «Соляная компания «Асыл Туз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің йодталған ас тұзын өндеу зауытының жұмысын көріп, оң бағасын берді.
Осы іссапар барысында аудан басшысы қайта жаңғыртуға жататын «Үш алып» ғимаратының жағдайын, Жаңатас қаласы 1-ші шағын ауданындағы бос тұрған №41, 47 көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғыру (реконструкция) жұмыстарын көрсетіп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
«Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы» бағдарламасы аясында іске қосылған «ЕвроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фосфор ұнтағын дайындау зауыты, Түркістан ауылдық округі (Кіші дегерес аймағында) «Шалғай елді мекендерді газдандыру» бастамасы аясында іске асырылып жатқан Шаян-Еврохим-Жанатас газ құбырын тарту жұмыстарының жүргізілу барысы да сапар кезінде назардан тыс қалған жоқ.
Түркістан ауылдық округіндегі көктемгі егіс дала жұмысы мен
Арыстанды ауылындағы «Арыстанды» орта мектебінің сондағы тұрғылықты күрд ұлтының өкілдерімен кездесіп,
«Бейбітшілік пен келісім» бағдарламасы аясында келелі сұхбат өрбіді.
- СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК АЛҚАБЫНДА
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Түркістан ауылдық округіндегі суармалы егістік алқабын аралап шықты.
Суармалы егістік алқабын ұлғайту мақсатында бұлақ көздерінен жиналатын үш бөгет, су қоймаларын қалпына келтіру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Олардың екеуі бойынша біреуі экономикалық мақсатқа сай емес,тиімділігі жоқ екендігі белгілі болды.
Ал, екінші және үшінші бөгет бойынша қаржыландыруға байланысты облысқа тиісті ұсынылымдар жіберілді.
Алдағы уақытта жоспарлар құрылып, зерделеу барысындағы мәселелер қолға алынбақ.
- АТА-АНА БАЛАҢЫЗДЫ БЕЙ-БЕРЕКЕТ ЖІБЕРМЕҢІЗ?
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев жасөспірімдер қауіпсіздігін қашанда басты назарда ұстайды. Әр күні аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметовпен бірге көшелерді аралап, тәртіп мәселесіне жіті көңіл бөлуде.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің жанынан «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында» құрылған мобильдік топ құрамы түнгі рейдке шықты.
Рейд барысында жасөспірімдерге,ата-аналарына,заңды өкілдеріне кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі мезгілде беталды жүрмеу керектігі түсіндірілді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы