«Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері-ай…» атты кеш өтті
Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен Сарысу ауданының Құрметті азаматы, жерлесіміз Ілия Жақановтың 85 жас мерейтойына арналған кеш өтті.
Илья Жақанов жайлы қысқаша мәлімет берсек;
Қазақстан және Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әлеуметтік ғылымдар академиясының Құрметті академигі, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, Халықаралық Жамбыл және Ш.Айтматов атындағы сыйлықтардың лауреаты, дарынды композитор, танымал жазушы, өнер зерттеушісі, суретші, ғалым-профессор.
Бала кезінен сурет салуға жаны құмар болған Ілия Жақанов Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің көркемсурет факультетіне оқуға түсіп, 78 жасында суретші мамандығына ие болды.
«Ел арасына кең тараған «Әселім-әнім», «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық» және басқа танымал әндері арқылы бірнеше буынның құрметіне бөленген.
Бүгінге дейін 200 ден астам ән жазған.
1970-1980 жылдары ағамыздың есімі Шәмші Қалдаяқов, Әбілахат Еспаев секілді жампоздармен қатар аталды.
Ағамыздың тағы бір қыры-зерттеушілігі. Қазақтың дәстүрлі әншілері мен халық композиторларының қаншама әндерін қазақ тыңдарманын қайта оралтты.
Есімі алты Алашқа белгілі Илья ағамыз қазақ руханиятының көгінде қырандай самғаған ұлы тұлға.
Осы кеште аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, мерейтойға қатысты ауданымызға ат басын бұрып келген үлкен ұжымға және осында қатысып отырған жақындары мен аудан тыңдармандарына зор алғыс білдірді.
Сарысу ауданында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы композитор, өнер зерттеушісі, жазушы, Ілия Жақановтың
85 жас мерейтойына орай өткен «Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері-ай…»
ән ғұмыр кешінде композитордың өнегелі өмір жолы айтылып, әндері шырқалып, бейне көрініс арқылы ізгі ниеті тыңдалды.