РЕСЕЙЛІК АЗАМАТ АТАСЫ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ АҚТӨБЕДЕН ТАПТЫ

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мұрағатында қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға, Германиядан оралған және әскери тұтқындарға, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы азаматтарына арналған құжаттар бар.

Мұрағатта 13 мыңнан астам құжат бар, оның ішінде «ақталуға жатпайтын тұлғалардың мұрағаттық қылмыстық істері» —  617 сақтау бірлігі, «қуғын — сүргінге ұшыраған, сот органдарымен ақталған азаматтарға қатысты мұрағаттық қылмыстық істер» —  9 мың 936 сақтау бірлігі және «бұрынғы әскери тұтқындар мен Германиядан оралған бұрынғы КСРО азаматтарының материалдары» – 2 мың 520 сақтау бірлігі.

Биыл жыл басынан Ақтөбе облысы ПД Арнайы мемлекеттік мұрағатына қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың туыстарынан 76 өтініш пен сұрау түскен, оның ішінде 76 өтінішке оң жауаптар берілген.

 

 

—  7 мұрағаттық анықтама және 150 мұрағаттық құжаттың көшірмесі берілді. Оның ішінде, жақын және алыс шетелдерден жеке және заңды тұлғалардан 7 өтініш түсті. Ақталған азаматтардың, не олардың өкілдерінің, ал олар қайтыс болған жағдайда туыстарының қылмыстық істерден іс жүргізбейтін сипаттағы құжаттармен танысуға, сондай- ақ осы істерде сақталған қолжазбаларды, фотосуреттерді және басқа да жеке құжаттарды не олардың көшірмелерін алуға құқығы бар. Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде Полиция департаменті Арнайы мемлекеттік мұрағаты қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың мұрағаттық анықтамаларын, құжаттардың көшірмелерін, құжаттардан үзінділерді, сондай-ақ олардың түпнұсқа жеке құжаттарын не олардың көшірмелерін өтініш берушілерге немесе олардың сенім білдірілген тұлғаларына (сенім білдірілген адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ нотариат куәландырған сенімхатты ұсынғаннан кейін) береді. Мұрағаттық қылмыстық істермен танысқан адамдардан міндетті түрде таныстырылғаны және іске қатысы бар адамдар мен олардың жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді пайдалануға тыйым салынғаны туралы қолхат алынады.

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды ату және жерлеу орны туралы мәліметтер мұрағаттық қылмыстық істе жоқ. Алайда 20-50 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды жаппай жерлеудің ресми орны Ақтөбе облысының аумағында Родниковка ауылынан Орск трассасы бойынша 21 км жерде орналасқан Түйетөбе шыңының етегі болып саналады. Екі жыл бұрын Ресей Федерациясының Новосібірінің 28 жастағы тұрғыны Роман Завадовский өзінің үлкен атасы Иван Завадовский туралы ешқандай ақпарат таба алмай, «Мемориал» сайтында іздеуді бастаған. Биыл 23 қаңтарда ол Новосибирскіден Ақтөбе облысының Полиция департаментіне келіп, мұрағат құжаттарын, атасының фотосуреттерін алды. Мұрағатта Иван Завадовскийдің 20 фотосуреті бар, жақсы сақталған. 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Завадовский Иван Владимирович қайтыс болғаннан кейін ақталды, — дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Сарқұлов.

 

М.Табын,

Ақтөбе облысы.