АҚТӨБЕДЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ КҮТІП-БАПТАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙЕДІ
Ақтөбеде аумақтарды қураған ағаштардан тазарту және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары күшейеді. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин аппарат жиынында қала әкімі Асхат Шахаровқа, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне бейнебайланыс арқылы тиісті тапсырмалар берді. Сонымен бірге өзге өңір басшысы мемлекеттік сатып алуды тездетуді тапсырды. Мемлекеттік сатып алу байқауларының барлығы аяқталмаған, тіпті жарияланбағандары да бар. Облыс әкімі облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасы басшылығына байқаулардағы кідірістердің себептері туралы талдау жасап, оны кідіртуге қандай фактор әсер етіп отырғанын анықтауға тапсырма берді. Жиын барысында сондай-ақ балалардың құқығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәселелер де қаралды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, облыста Covid-19-ға қарсы екепенің көлемі жеткілікті дәрежеде. «Түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Коронавирус індетінің қарқынын баяулату тікелей екпеге байланысты», — деп атап өткен облыс әкімі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қатысты сұрақты ерекше назарда ұстауды тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.