Маңызды жобалар – табыс кепілі

Жер байлығын игеріп, елдің еңсесін тіктеуіне әр аймақтың қосқан үлесі зор. Дегенмен мемлекетіміздің дамуында түбекте жатқан Маңғыстау облысының орны бөлек. Өндірісі өркендеп, құрылысы қарқынды дамып жатқан Мұнайлы өлке, бүгінде экономикасы өрлеп, мәдениеті қалыптасқан туризм мекеніне айналды. Әлемді дүр сілкіндірген пандемияға қарамастан, құлашын кеңге сермеп, Каспийдің асау толқынына төтеп берген алып кемедей дағдарысты қақ жарып, алға қадам басып келеді. Соңғы жылдары облыстағы әлеуметтік-экономиканың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуі халықтың өмір сүру сапасына да оң серпін берудеЖер байлығын игеріп, елдің еңсесін тіктеуіне әр аймақтың қосқан үлесі зор. Дегенмен мемлекетіміздің дамуында түбекте жатқан Маңғыстау облысының орны бөлек. Өндірісі өркендеп, құрылысы қарқынды дамып жатқан Мұнайлы өлке, бүгінде экономикасы өрлеп, мәдениеті қалыптасқан туризм мекеніне айналды. Әлемді дүр сілкіндірген пандемияға қарамастан, құлашын кеңге сермеп, Каспийдің асау толқынына төтеп берген алып кемедей дағдарысты қақ жарып, алға қадам басып келеді. Соңғы жылдары облыстағы әлеуметтік-экономиканың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуі халықтың өмір сүру сапасына да оң серпін беруде. Бұл игі істердің басында, өңірді басқарғанына 2 жыл енді толатын Серікбай Трұмовтың еселі еңбегі жатыр. . Бұл игі істердің басында, өңірді басқарғанына 2 жыл енді толатын Серікбай Трұмовтың еселі еңбегі жатыр.

Маңғыстау облысы инвестиция көздерін тарту бойынша көшбасшы аймақтар қатарында. Бір ғана Қарт Каспийдің өзі үздік жобаларды ойланбай салуға сұранып-ақ тұр. Тұнған тарих пен жұмбақ сырға толы киелі мекеннің келбетті жерлері де инвесторлардың қызығушылығын арттырып отыр. Маңғыстау өңірі – Қазақстандағы туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың үздік ондығына кіреді. Сондықтан аймақта жағажай туризмін, ал аудандарда эко-этнотуризмді дамытуға мүмкіндік зор.
Өткен жылы Ақтау жағалауында шетелдік инвесторлардың қатысуымен ірі туристік-қонақ үй кешенінің іске қосылуы облыстың экономикалық әлеуетіне тың серпін берді. Себебі өңірде бұрын-соңды болмаған жаңа жоба өз жұмысын бастады. Бүгінде қонақ үйге шет мемлекеттен және еліміздің түкпір-түкпірінен келген демалушылар қарасы өте көп. Былтырдың өзінде «Риксосқа» 78 513 турист келген. Ауқымды жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды. Туризм саласында білім алған мамандармен қатар жаз айларында 18 жастан асқан студенттердің де еңбек етіп, табыс табуына мол мүмкіндік берілді.
Ақтау қаласында курорттық аймақты дамытудың екінші кезеңінің құрылыс жұмыстары басталды. «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінің жанында орналасқан аумақта алдағы уақытта отбасылық саябақ және ерекше үлгідегі үлкен сауда орны мен виллалар бой көтереді. Бір ерекшелігі, отбасылық саябақта елімізде бұрын болмаған 16 түрлі атракцион орналасады. Сондай-ақ қала қонақтары мен тұрғындарының емін-еркін серуендеп, демалуына барлық жағдай жасалады.

 

 

Екі жылда 20 мыңдай отбасы қоныстой тойлады

Әлемдік пандемияға қарамастан, облыста өндіріс саласы да қарқынды дамып келеді. Өңдеу өнеркәсібіне ден қойған кәсіпкерлер бүгінде аймаққа аса қажет зауыт, фабрикаларды іске қосуда.
Биыл Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылды. 725 мыңға жуық халқы бар Маңғыстау облысы тауық етін осы күнге дейін өзге аймақтар мен алыс-жақын шет елдерден тасымалдап келді. Батыс өңірінің тұрғындары орташа есеппен жылына 11,5 мың тонна тауық етін тұтынатынын ескерсек, аймаққа құс етін өндіретін кәсіпорын ашу аса қажет еді. Аймақ басшысының бастамасымен осы жылдың көктемінде алғаш рет бройлер тауығын өндіретін «Ақтау Агро» ЖШС – ірі құс фабрикасы өз жұмысын бастады. Аталған фабрика өңірдің құс етіне деген қажеттілікті 50%-ға жабуға мүмкіндік береді. Бұл, импортқа тәуелділікті екі есе азайтады деген сөз.

 

Сонымен қатар, облыста ауылшаруашылығы саласы өңір климатының қолайсыздығына қарамастан, жылдан жылға дамып келеді. Мәселен, жайылымдық жерлерде қуаңшылық болғанымен биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мал басында 3,2%- ға өсім бар. Одан бөлек аймақта балық өсіру жұмыстары да қолға алынды. Қазіргі таңда облыста бекіре тұқымдас балық шаруашылығымен айналысатын екі кәсіпорын бар. Алғашқысы: «Казах Осетр» ғылыми өндірістік кәсіпорны. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорында 40 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балықтар өсірілген. Алдағы уақытта мекеменің өндіріс көлемін екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Ал екінші кәсіпорын – «Каспиан Ривьера» ЖШС. Онда жылына 50 тонна тауарлы бекіре балықтары өсіріліп, 100 кг көлемде уылдырық өндіріледі. Аталған кәсіпорын басшылары алдағы уақытта «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында тауарлы бекіре балықтарын өндіру бойынша ауқымды кешен салуды жоспарлап отыр. Одан бөлек құрама жем зауыты, қант шикізатын қайта өңдеу шағын зауыты, мұнай кәсіпшілігі мен бұрғылау жабдықтарын өндіру, қызмет көрсету өндірістік цехы, шағын газ поршенді электр станциялары базасында «Қазақ газ өңдеу зауыты» үшін электр энергиясын өндіру, полимерлік қаптама өндіру зауыты және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу зауытының салынуы өңірде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы қазіргі таңда құрылысы қарқынды дамып жатқан қалалардың үштігіне еніп отыр. Шаһардың сәулеті мен келбетіне сән беретін зәулім үйлер қатары күн санап артуда. Сәйкесінше, баспанамен қамтылған тұрғындар қатары да көбейіп келеді. Соңғы екі жылда, облыста 18 400 отбасы қоныс тойын тойлады.

Маңғыстауда автожолдардың сапасы артты

Маңғыстау облысы автожолдардың сапасы бойынша, елімізде бірінші орынға шықты. Осыған дейін Үкіметтің селекторлық отырысында автожолдардың жайы талқыланып, Маңғыстау облысындағы жолдардың республикада алдыңғы қатарда екені айтылған болатын.
Өңірде 245 шақырым жол жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыстың туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында, тағы да бірнеше бағыттағы жолдарға жөндеу жұмыстары жасалды.
2019 жылы Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» автожолы ашылды. Ұзындығы 85 шақырым болатын көлік дәлізі бүгінде екі елдің транзиттік әлеуетін арттырып, арадағы сауда айналымының өсуіне ықпал етуде. Бұл жолмен тәулігіне 7 мың көлік қатынай алады. Жаңа бағыт – Орталық Азия елдері тауарларын Ресей мен Кавказға, одан әрі Еуропаға кедергісіз жеткізуге мүмкіндік беретін ең қысқа жол. Сондай-ақ Құрық порты арқылы көлік транзитін ұлғайтуға ықпал етеді.

 

Облыста ірі тарнзиттік көлік жолдарының пайда болуымен қатар, әуе жолдарының да қатары толығуда. Жақында іске қосылған «Үргеніш – Ақтау – Үргеніш» бағытында жаңа рейс түркі тарихына қызығушылық танытқан әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жолаушылардың Ыстамбұл арқылы Ақтауға, Ақтаудан Үргенішке ұшып баруына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл туристік бағыттың үлкен сұранысқа ие болатынына сенім мол. Осылайша, Ақтау қаласы туризм хабына айналмақшы.
Облыста жаңа ауылдардың бой көтеріп, инженерлік-инфрақұрылымдардың игілігіне қол жеткізу үрдісі де белең алып келеді. Осы орайда Жаңаөзен қаласының аумағында жаңа «Кендірлі» ауылының іргетасы қаланды. Халық санының артуы жаңа ауылдардың құрылуына жол ашты. Аталған елді-мекеннің бас жоспары облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жергілікті жердің және жалпы өңірдің ерекшелігі ескеріліп, ең заманауи әдістерді қолдана отырып жасалатын болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта Кендірлі курорттық аймағында тәулігіне 50 мың текше метр су тұщытатын зауыт салынбақ. Су зауыты Жаңаөзен қаласы мен оған жақын маңдағы барлық ауылдардың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Жаңаөзенде жаңа бастамалар

Маңғыстау өңірінің экономикалық әлеуетін арттыруда Жаңаөзен қаласының үлесі зор. Сондықтан онда тұратын әрбір тұрғынның сапалы өмір сүруі – облыс үшін аса маңызды. Осы орайда, Жаңаөзенде халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағыттталған, 2019-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға толықтырулар енгізілді. Аталған жоспар аясында бірқатар жобалар қолға алынды. Соның бірнешеуіне тоқталып өтсек: Жаңаөзен қаласындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын, жетімдерді және апаттық үйлердің тұрғындарын Ақтау қаласына қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 13 отбасы баспанаға ие болды. Сондай-ақ, Жаңаөзенде тозығы жеткен үйлерде жөндеу жұмыстары басталды. Аталған жұмыстар осы жылы аяқталып, онда тұратын тұрғындарды қуантпақ.

 

Одан бөлек, Жаңаөзенге қарасты ауылдарда мәдени ошақтардың іші-сырты жөнделіп, материалдық-техникалық базасы жаңартылмақ. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемелеріне өткен жылы жалпы құны 245 млн теңге болатын медициналық құрал-жабдықтар сатылып алынды.

Экологиялық мәселе шешімін тапты

Маңғыстау облысы үшін тағы бір қуанышты жаңалық: биыл облыста жылдар бойы шешімін таппай келген «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Жоба Үкіметтен қолдау тауып, рекультивация жұмыстарына республикалық бюджеттен 3 жылға 15,5 млрд теңге бөлінді.
«Бұл мәселе әкім ретінде ғана емес, осы өңірдің перзенті ретінде де мені қатты толғандыратын. Тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген қойманың жайын шешу үшін, Үкіметке бірнеше рет ұсыныс білдірдім. Арнайы жасақталған жобамыз Үкіметтен қолдау тапты. Маңғыстаулықтар үшін аса маңызды түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға қолдау білдірген Үкімет басшысына аймақ жұртшылығы атынан алғысымызды жеткізгім келеді», – деген болатын облыс әкімі Серікбай Трұмов.
Бүгінде өңір экологиясына аса мән беріліп, тұрғындардың сапалы өмір сүруіне жағдай жасалуда. Осы орайда, облыста жедел жәрдем көліктерінің де 100 пайызға жаңарғанын айта кеткен жөн. Өткен жылы әлемдік коронавирустық инфекцияның халық арасында таралуын тежеу мақсатында негізгі шаралар қолға алынған болатын. Нәтижесінде өңірге 86 жедел жәрдем көлігі әкелінді.

Ауыз су мәселесін шешу жолдары қарастырылуда

Маңғыстау облысы табиғаты сортаң, жер асты су көздері аз аймаққа жатады. Сондықтан, ауыз су мәселесі жоқ емес. Алайда, өңір халқын үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамту жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Атап айтқанда: «Каспий су тұщыту» зауытының қуаттылығын 40 мың текше метрге артыру; Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылында тәулігіне 1 мың текше метр су тұщыту қондырғысын қайтадан іске қосу; Ақтау қаласындағы орталық сумен жабдықтау торабы нысанын кеңейту; Жаңаөзенде Кендірлі курорттық аймағында қуаты тәулігіне 50 мың текше метрлік және «ҚазМұнайГаз» АҚ Қаражанбас кен орнында қуаты тәулігіне 17 мың текше метрлік су тұщыту зауытының құрылысын салу жобасын іске асыру жұмыстары жоспарланып жатыр.

 

 

«Рухани жаңғыру»
Маңғыстау жастарына шабыт береді

Маңғыстауда ұлт өнерін, мәдениетін, руханиятын ұлықтау ісі бір сәт те толастаған емес. Соңғы екі жылдың өзінде бірнеше халықаралық, республикалық өнер байқаулары мен фестивальдары өткізілді. ҚР Жазушылар Одағымен бірлесіп ақын-жазушылардың Маңғыстауға шығармашылық сапары ұйымдастырылды.
Қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлға, кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай Ақтаудың төрінде ақынға арнап ескерткіш орнатылды. Салтанатты шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, қатысты. Аталған шарада тау тұлғалы талант, ғұлама ойшыл Әбіш Кекілбайұлының ерен еңбегі қандай құрметке де лайық екенін айтқан Мемлекет басшысы заңғар жазушы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің рухына тағзым ету тек Маңғыстау өңірінің ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға деп бағалаған еді.
Сондықтан кемеңгер тұлғаның мерейтойы еліміздің өзге аймақтарында да ескерусіз қалмады. Жазушының мерейтойы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында ЭКСПО қалашығының жанында орналасқан көшеге қаламгердің есімі берілді. Бұл игі бастамаға ел азаматтары, жазушының оқырмандары куә болды. Сонымен қатар, Алматы шаһарының Н.Назарбаев даңғылында ақынға арнап ескерткіш тақта ашылды.
Ал былтыр Бейнеу ауданында «Анаға тағзым» ескерткіші бой көтерді. Маңғыстаудың төл перзенті, сәулетші Болатбек Салаев аталған ескерткішті сыйға тартты. Жаңа туындыда ананың балаға деген мейірімділігі ерекше көрсетілген. Оң қолына сәбиін ұстап, алға қарай бір қадам жасап тұрған мүсіннің мән-мағынасы орасан. Ал, ананың киімінде бейнеленген әр ою-өрнек салт-дәстүріміздің болмысын сипаттайды. Бейнеу ауданында алғаш рет ашылған бұл стелланың қоғамда, әр отбасында ана мәртебесін көтеруде үлесі зор деуге болады.

Спортты серік еткен жастардың қатары артып келеді

Маңғыстау облысында бұқаралық спорт түрі дамып келеді. Бүгінде облыста дене шынықтыру және спортпен айналысу бағытында 774 спорт ғимараты жұмыс істеп тұр. Спорт алаңдарының көбеюі жергілікті жастардың салаутты өмір салтын ұстануына жаңа серпін беруде. Ақтау қаласының өзінде кешкі мезгілде жасыл алаңқайларда тіршілік қыза түседі. Спортты күнделікті хоббиіне айналдырған жастар ала допты алдарына салып, алаңқайда топтасып ойын ойнап, өзара сайыстар өткізуді әдетке айналдырған. Бұл жақсы үрдіс көңіл қуантады. Осы орайда өңірде жасөспірімдердің 43 спорт түрінен үйірмелерге қатысуға мүмкіндігі бар екенін айта кеткен жөн.
Ал былтыр Қарақия ауданы Сенек ауылында жаңадан бой көтерген спорт ғимаратында бүгінгі күні жастар шағын футбол, волейбол, баскетбол және жекпе жек түрлерімен айналысып жүр. Қоғамдық спорт мәдениетін қалыптастыруда аталған кешеннің рөлі зор.

 

– Бұл спорт ғимараты – қаймағы бұзылмаған, салты мен дәстүрін сақтай білген, ұлттық тәрбиемен сусындаған ауыл жастарының арманына қанат бітіріп, еліміздің абыройын асқақтатар спортшылар тәрбиелеуде мол септігін тигізіп, халық игілігіне қызмет етеді деп ойлаймын. Менің білуімше бұқаралық спорт түрінен осы ауылдың жастары да биік белестерді бағындырып, жарыстарда жүлделі екен. Алдағы уақытта осы мектептен жаттыққан жасөспірімдер арасынан да болашақ чемпиондар шығатынына сенімдімін, – деп аймақ басшысы Серікбай Трұмов ғимараттың ашылу салтанатында өз пікірін білдірген болатын.
Облыс әкімінің қатысуымен ашылған тағы бір нысан – «Жартасты соқпақ» жағалауы бүгінде өңір халқының тұрақты мәдени ошағына айналды. Қала қонақтары мен тұрғындарының теңіз табиғатында демалуына арналған жағалауда мүмкіндігі шектеулі адамдардың да серуендеуіне жағдай жасалған.
Осылайша, өңір халқының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бірқатар елеулі жұмыстар еңсеріліп, тұрғындардың әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар өз жалғасын табуда. Бұл жұмыстар бір сәтке де тоқтамай, өміршеңдігі арта бермек.

Гүлмира Әбішева

Халықаралық «Qazaqstan dauiri»  газетінен