Бүкіл әлемде қауіп төндірген коронавирус пандемиясы әліде таралуын тоқтатпай, өз зардабын тигізуде
Бүкіл әлемде қауіп төндірген коронавирус пандемиясы әліде таралуын тоқтатпай, өз зардабын тигізуде. Еліміз бойынша эпидемиялық ахуал қәзіргі таңда тұрақталып, вирус жұқтырған науқастардың саны азайуда, елімізде вирус жұқтырғандардың саны азайғаны COVID 19 вирустық инфекциясына қарсы екпе алғандар санының көбеюімен байланысты десек, қателеспейміз. Мойынқұм ауданы бойынша халықты тіркеу регистрына тіркелген халық саны 27231, оның ішінде 18 жастан жоғарылар 17196, оның ішінде екпе алуға жататындардың саны 13846 адам немесе 80% пайыз. Ауданда екпе салумен айналысатын 3 жылжымалы бригада және 7 қосымша екпе салу пункттері жұмыс істейді (Ақсүйек, Бірлік, Кеңес, Жамбыл,Хантау,Биназар, Шығанақ ауылдарында). Ауданға алынған екпелердің сангы – 10760 (І-тур-6405, ІІ-тур-4355). Ауданға 2021 жылдың наурыз айынан келген вакциналар: «СпутникV» 1 турға-5400, 2 турға-3400 доза, «GazCovid-in» 1тур-105, 2 тур- 55 доза, «Нayat-Vax» 1тур-900, 2тур-900. Бүгінгі күнге екпе алған халықтың саны: 7276 адам, яғни екпе алуға жататын халықтың 52,5% пайызы.
Короновирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы-жаппай вакцина салдыру. Жалпы вакцинаның пайдасы оның организмде COVID 19 вирустық инфекциясына қарсы иммунитет қалыптастыруы және ауруды болдырмауы. Вакцинаны салдыру 2 компаненттен тұрады. Алғашқысы 65-75 пайыз инфекциядан қорғаса, екінші компанент 95 пайыз қорғайды. Сол себептен әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.
Абишева Бота Самековна
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.