Қарағандыда Қазақстанның құрметті журналисі Мағауия Сембайға мемориалдық тақта орнатылды
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Мағауия Сембайдың құрметіне Қарағанды қаласында Республика даңғылындағы №4 үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Бұл үйде журналист қырық жылдан астам өмір сүрді.
Мемориалды тақтаны Мағауия Сембайдың әріптестері мен жақындары орнатты.
Бұл ұлы журналист пен тәлімгерді еске алу үшін қолымыздан келетін шараның тек аз ғана бөлігі. Бұл біздің міндетіміз. Осы тақтаның ашылуымен Мағаш аға үйіне оралғандай болды. Ол туған – туысқандары мен жақындарының, әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі қалады, – деді Ortalyq Qazaqstan облыстық газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабеков.
Мағауия Сембай Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Соңғы 20 жыл ішінде Ortalyq Qazaqstan газетінің бас редакторы болды. Оның осы газеттегі жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асты.
Жомарт Шаймұрат