АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 70 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕЛДІ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы өткен жиында шегіртке зиянкестерінен қорғау мәселелері қаралды.

 

 

Өңірде мамыр айының соңында шегірткеге қарсы аумақтар мен ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеу басталған болатын. Аумақтық инспекцияның мәліметтері бойынша, агроөнеркәсіптік кешенде жоспарланған 70,39 мың гектар жердің 70,05 мың гектары бүгінде жер және ауа арқылы өңделген. Өңдеу ең алдымен, Әйтеке би, Шалқар және Ырғыз аудандарында жүргізіледі. Өңір басшысы уәкілетті органдар мен облыстың аудан басшыларына шегірткенің көбеюі мүмкін ошақтарын анықтау жұмысын барынша күшейтуді тапсырды.