АҚТӨБЕДЕ «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Шара мақсаты — жол-көлік апаттарының алдын алу. Іс-шара кезінде полиция қызметкерлері облыстың автожолдарында төрт мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция дпартаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың ішінде 45 мас жүргізуші, 522 белгіленген жылдамдықты арттыру фактісі, 39 қарсы жолаққа шығу және 79-і бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту фактілері бар. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың барлығы жол апатына әсер етеді. Бұдан басқа, бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 12 жүргізуші анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады