Астана күні қарсаңында қарағандылық 24 мұғалім  қызметтік баспанаға ие болды.

Астана күні қарсаңында қарағандылық 24 мұғалім қызметтік баспанаға ие болды. Олардың бесеуіне пәтер кілттерін облыс әкімі Жеңіс Қасымбек табыстады.

Пәтерлер Саран мен Ақтаста орналасқан. Баспанаға ие болғандар арасында көп балалы отбасылар мен сұранысқа ие мұғалімдер бар.

– Мен Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Әйеліммен бірге бала тәрбиелеудеміз. Бұл пәтер бізге өз баспанамызға ақша жинауға мүмкіндік береді, – дейді бақытты пәтер иесі Азамат Орашев.

Кілттерді табыстау жаңа Оқушылар сарайының ғимаратында өтті. Ол Елбасының нұсқауымен салынған.

 

 

– Мен сіздермен осы ғимаратта Астана күні қарсаңында кездескеніме қуаныштымын. Жаңа оқу жылының басында біз Оқушылар сарайын ашамыз. Күн сайын жүздеген балалар қосымша білім алатын болады – мұнда даму үшін қажеттінің барлығы бар, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Мен бүгін мұғалімдерге қызметтік тұрғын үйдің кілтін тапсырғаныма қуаныштымын. Биыл жүзден астам ведомстволық пәтерлерді денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет қызметкерлері алады. Оның ішінде 24 пәтер мұғалімдерге арналған.     Бірақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты біз бәрін шақыра алмадық.

 

 

Тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайды қамтамасыз ету биліктің ең маңызды міндеті деп атап өтті өңір басшысы. Биыл облыста тұрғын үй құрылысы артты.

 

                                                                                                       Жомарт Шаймұрат