АҚТӨБЕДЕ ТРИАТЛОН ПАРКІНДЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛ САЛЫНАДЫ

Ақтөбе қаласында биыл триатлон паркінің құрылысы аяқталады. Қазіргі таңда мұнда жүгіретін және велосипед жолдары 100% дайын. Аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тұрғындар сұранысына сай, триатлон паркінде жаяу жүргіншілер жолын салуды тапсырды. Осылайша, жұмыс аяқталғаннан кейін триатлон паркінде тек спортпен айналысып қана қоймай, жаяу серуендеуге де болады. Облыс әкімі: «Өздеріңіз байқағандай, қаламыздың көркін ашатын спорттық, мәдени-әлеуметтік нысандарды қайта жөндеуден өткізіп, жаңасын салуды да қарастырып жатырмыз. Бұл ретте қала тұрғындарының ұсыныс — пікірлерін де ескере отырып, барынша қолайлы жағдай туғызуымыз қажет», — деді.