ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА

Бүгін ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, халық қалаулысы Нұрымова Гүлдара Алданышқызы келді.

Жұмыс сапары барысында аудан тұрғындарымен жүздесіп, олардың талап-тілегіне құлақ асып, әлеуметтік және құрылыс нысандарында болды.

 

 

Аудандық «Nur Otan» филиалында аудан тұрғындарын қабылдаған Гүлдара Алданышқызына ауыл тұрғындары өздерін алаңдатып отырған мәселелердің қатарына баспана алу және денсаулық жағдайына байланысты жеке сұрақтарымен қайырылды. Қабылдау жергілікті органдар мен партия өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу барысында азаматтардың сұрақтарын тыңдап, оларға жауап, түсіндірмелер берді.

Келесі кездесу Құлан ауылындағы М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысуға ұласып, құрылыстың жай-күйін бағамдады.  Мердігер компания өкілдерімен тілдесіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрді. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан құрылыс нысанының жұмыстары қарқынды. Күрделі жөндеуден өткен ғимарат заманауи және әдемі дизайнмен, шығармашылықпен айналысуға ыңғайлы, жаңа технология бойынша қажетті компоненттермен жабдықталуда. Бұл орталық бүгінде ауданның мақтанышы! Жақын арада бұл өз нәтижесін берері сөзсіз.

 

 

Жұмыс сапарының соңы аудандық аурухана қызметкерлерімен өтті. Құлан ауылындағы орталық аудандық ауруханада әріптес — медицина қызметкерлерімен кездесуде Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушыларды медицинаның проблемалық мәселелері бойынша депутаттық сауалдарының мазмұнымен таныстырып, қабылданған шешімдер туралы сөз қозғалды.