АҚТӨБЕДЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖҮРІП ЖАТЫР

Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен отын-энергетикалық кешеннің алдағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды.

Жылыту маусымы басталғанға дейін облыс бойынша 630 қазандық, 268 шақырым жылу, 61 шақырым су құбыры – кәріз, 148 электр желілері жөнделу керек.

Облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергеновтің айтуынша, жөндеу жұмыстарының кестесі сақталып отыр.

Облыс әкімі жылыту кезеңіне дайындық барысын, соның ішінде көмір бағасын баса назарда ұстауды тапсырды.

— Бағаны бақылап, негізсіз үстеме бағаға жол бермеу керек. Арадағы алыпсатарлар толығымен алынып тасталуы қажет, — деді О.Оразалин.

Көмір облыс халқына тамыз айында беріле бастайды.