Әдепті адамның 10 белгісі
Бүтін болмысты нақтылайтын басты қасиеттер адалдық пен имандылық. Бүтін болмысты адам сенімді, шынайы, мейірімді. Әрбіріміз сондай болуға тырысқанымыз абзал.
Әркім айналасынан тек әдепті адамдарды көргісі келері хақ. Бірақ кімді толыққанды әдепті деуге болады? Әдептілікті жасанды етіп көрсету мүмкін емес те шығар. Дегенмен, кімнің шын мәнінде әдепті екенін анықтайтын 10 белгі бар.
Сомен, әдептілікті нақты көрсететін 10 белгі.
1. Әрекетіне жауапкершілік алатын адам.
Әдепті адамдар ылғи істеген ісін мойнымен көтереді. Өйткені, олар адал. Басына не күн туса да өз ісі мен сөзіне жауап беруден қашпайтын адам – әдепті адам. Оған сенімді болыңыз. Өмірдің тұрақсыздығын есепке алсақ, кейде жауапкершіліктен бас тартпау оңай бола бермейді. Бірақ әдепті адам үшін – жалғыз жол сол. Еш ауыртпалықтан қорықпай, жауапкершілікті арқалауды жөн деп біледі.
2. Өзгенің қалауы – өзінің қалауынан артық.
Қазіргі индивидуалисттері қаптаған әлемде өзгенің қалауын өзінікінен биік қоятындарды табу қиын. Өзгенің менін артық көрген адам – шын мәнінде әдепті. Ол мұны өзін мойындату не алғыс үшін істемейді. Әдепті жан үшін өзгені өзінен артық көру маңызды.
3. Әрдайым көмек қолын созады.
Психолог дәрігер Сет Мейерстің айтуынша, әдепті жандарды волонтерлық қозғалыстардан іздеген дұрыс. Себебі, олар өзгеге көмектесу үшін уақытын аямайды. Өзінен гөрі тағдыры ауырлау жандарды қолдауға бейім. Көмектесу оларды бақытты етеді. Елді көркейтуге үлес қосуға, не кедейлер үшін асханада тегін көмек көрсету үшін әдетте әдепті адамдар келеді. Олар әрқашан – бірінші болып ортақ іске бел шеше кіріседі.
4. Өзге туралы жақсы ойлайды.
Сет Мейерстің пайымдауынша, бүтін болмысты адамдар өзге туралы пікір айтуға асықпайды. Әрқашан мүмкіндік беріп, пікірі сәйкеспесе де қарым-қатынасын үзбейді. Бұл фәниде әр адамның өзіндік ойы, пікірі болуы қалыпты екенін түсінеді. Әдепті адам асығыс сөгуге, атүсті айыптауға тырыспайды.
5. Олар ұсақ-түйек істе де адал.
«Бір рет өтірік айтқаннан дүние бүліне қоймас» деген ой жағымды болуы мүмкін. Бірақ кемел адам мұндай титтей импульске берілмейді. Әдептілік – адалдық деген сөз. Олар күн сайын әр ойына, әр ісіне адал. Қазіргі заманда бұл құндылықты бағалай білу керек. Ол өте сирек кездеседі.
6. Әрқашан алғыс айтады.
Біз алғыс есту үшін үлкен іс тындыру қажет деп санаймыз. Оны ешкім жайдан жай айтпайды деп ойлаймыз. Кемел адам алғаш жолыққан адамға да алғыс айтады. Себебі, әр адам құрметке, адам ретінде сөйлесуге лайық деп таниды. Әдепті адам даяшыға не басқалай қызмет көрсетушілерге ауыр сөз айтпайды.
7. Олар қарапайым.
Әдепті адам өз жетістігімен мақтанады. Мұнысы дұрыс. Сонысына қарамастан ол өте қарапайым. Нақты айтсақ, әдепті адам «сенім» мен «тәкәппарлық» деген сөздердің айырмашылығын өте жақсы түсінеді. Біріншісі – үлкен күш-қайрат берсе, екіншісі – кемшілік екенін біледі. Олар өз болмысының мықты жақтарын танып-біліп, бұдан да мықты болуға ерік-жігерін жаниды.
8. Өз қателігін үнсіз мойындайды.
Қателескенін, адасқанын мойындау кімге оңай тисін? Өзіңді осал, кемшін сезінесің. Бірақ әдепті адамдар мойындайды. Шынымен қателескенде, мойындауға дайын. Әдепті адамды өз қатесін бірінші болып көргенінен танисыз. Олар мүлт кетсе, кешірім сұрауға пейілді.
9. Олар сенімді.
Әдепті адам сөзінде тұрады. Мойнына алған жауапкершілікті орындайды. «Бұл істе маған сен» деп айтса, онда сеніңіз. Олар қиындыққа қарамастан орта жолда тастамайды. Әдептілік – қолыңнан келгенше бүгінгіден де артық болуға ұмтылу. Сенімді болу – сол ұмтылыстың бір парасы. Егер әдепті адам көмектесемін десе, ол сізді ешқашан ұмытпайды. Бұған сенімді болыңыз.
10. Олар әрқашан жайдары.
Әдепті адам әрдайым жайдары жүреді. Бетіңе күліп қарап, сыртыңнан сөз айтатындардың қатарынан емес. Олар мұндай қылықты түсінбес. Себебі, әдепті адам шын күш-қуат мейірімде екенін біледі. Өмірлік жолына мейірімді тұғыр етіп алады. «Шын мәніндегі әдептілік – ел білсін, білмесін, әрқашан дұрыс істерді істеу» — дейді Опра Уинфри.
Әдепті адам ненің дұрыстығына көз жеткізсе, солай істеуге тырысады. Сол ісі үшін марапат, алғыс күтпейді. Олардың ұлылығы да, парасаты да осы қасиетінде!
Аударған Шынар Әбілда