АҚТӨБЕДЕ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 800 ЖҰМЫССЫЗ БІЛІМ АЛАДЫ
Ақтөбе облысындағы оқу орталықтарында жыл басынан бері 800 жұмыссыз еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білім алып, соның 140-тан
Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімі өкілдерінің айтуынша, бүгінде мамандар даярлау бағытында көптеген жұмыс атқарылып жатыр.
2017 жылы Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер енгізілген болатын. Бұл өзгеріске сай, жұмыс беруші өз кәсіпорнында оқу орталығын ашып, оны ҰКП жанындағы оқу орталықтары реестріне енгізе отырып, өз мамандарын даярлай алады. Бүгінде аталған реестрге облыс бойынша 41 білім беру ұйымы енгізілген, оның ішінде 19-ы — кәсіпорын жанындағы оқу орталықтары, 18 колледж және 4 жеке оқу орталығы. Бұл жерлерде 88 жұмысшы біліктілігі бойынша білім алуға болады.
— Биыл реестрге «Нұрайым» ЖК жанындағы тігін ісі бойынша оқу орталығы және жол құрылысы саласындағы Ақтөбе автомобиль-жол колледжі секілді екі блім беру ұйымы енгізілді. Сонымен бірге төрт оқу орталығы қосымша 11 мамандықты енгізді. Екі оқу орталығының реестрде болу мерзімі ұзартылды. Алты ай ішінде бұл орталықтарда 152 адам білім алып, 141-і жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта 628 адам білім алып жатыр, — дейді ӨКП сарапшысы Азамат Бұрымбаев.
Оның айтуынша, кәсіпорын ішінде құрылған оқу орталықтары сол кәсіпорынға нақты қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік беріп отыр. Мысалы «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС, «Касиет — АБИ» ЖШС, «Азая» ЖШС, «Нұрайымм» ЖК секілді мекемелер өздері ашқан оқу орталықтары ақылы қажетті мамандарын өздері оқытып алып отыр.
«Еңбек» бағдарламасына былтыр енгізілген өзгерістерге сай, онлайн білім алуға рұқсат етілді. Ал офлайн оқулар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілді. Былтыр білім алғандардың 99 пайызы жұмысқа орналасқан. Бұл өте жақсы нәтиже. ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Баймұратованың айтуынша, биыл да мыңға жуық жұмыссыз адамды оқыту жоспарланып отыр.
М.ТАБЫН,
Ақтөбе облысы.