АҚТӨБЕДЕ АУЫЛ ӘКІМІ БОЛУҒА 107 АДАМ НИЕТТІ

Ақтөбе облысында ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны басталғаннан бері 115 адамның кандидатурасы, 7 кандидат сәйкестік рәсімінен өтпей қалды, 1 кандидат жеке өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Күнбаеваның айтуынша, жалпы алғанда 107 кандидат тіркелді, оның ішінде 65 адам (61%) — 6 саяси партияның өкілдері, 42 адам (39%) — өзін-өзі ұсынушылар. «Nur Otan» партиясынан — 28, «Ауыл» партиясынан —16, «Ақ жол» партиясынан — 9, «АDAL партиясынан — 5, Қазақстан Халық партиясынан — 5, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан — 2 кандидат тіркелді. Бір округке орташа бәсекелестік 3 адамнан. Тіркелген 107 кандидаттың 17-і немесе (16%) – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы 40, ең жасы 27 — де, жасы үлкені 62-де. Ауылдық округ әкіміне кандидаттар сайлау алдындағы үгітті бастап кетті.

 

М.ТАБЫН,

Ақтөбе облысы.