АУДАНДА ТОЙ ӨТКІЗУШІЛЕР АЗАЯР ЕМЕС
Тойды Құдайдың қазынасына балаған қазақ халқы үшін қуанышты елмен бірге атап өту ата-дәстүріміз екені сөзсіз. Дегенмен төтеннен келіп, елдің берекесін алған коронавирус кең тараған кезде тойды уақытша тоқтату міндеті тұр. Әрине біз бұған түсіністікпен қарауымыз керек. Өйткені әрбір жиын-тойдың артында адам өмірі тұр.
Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданында той өткізу тоқтамай тұр. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың жетекшілігімен аудандық мониторингтік топ зерделеу жүргізді. Жамбыл облысының сары аймаққа өтуіне байланысты өңірде көпшілік шараларға тыйым салынды. Облыстың Бас санитарының жаңа қаулысы күшіне енді. Соған сәйкес, тойхана мен мейрамханалар жұмысы шектеліп, тұрғындарға ереженің мәні түсіндірілді. Десе де, тәртәпке бағынбай, өз ауласында той өткізіп жатқан тұрғындар тыйылмай тұр.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.