Санитарлық талаптарға зерделеу жүргізді
Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату мақсатында, Жамбыл облысының сары аймаққа өтуіне және «Үнді дельтасы» штаммы айналымының анықталуына байланысты Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №7 қауылысын басшылыққа ала отырып Мойынқұм аудандық мобильдік топ мүшелері аудандағы кәсіпкерлік нысандарды аталған қаулымен таныстырып, санитарлық талаптарға зерделеу жүргізді.
Мобилдік топ құрамын аудан әкімі М.Мұсаев бастап, барлығы 12 нысанға зерделеу жүргізді. Тексеру барысында №3 мобилдік топ жетекшісі аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов және бөлім және мекеме басшылары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері болды.
Қаулының тармақтары жан-жақты таныстырылып, екпе салу, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызмектерлері қызыл аймақ негізінде қабылдау керектігі және санитарлық-дезинфекциялық талаптардың сақталуына баса назар аударып,талаптардың орындалуын қадағалады. Тексеру барысында талаптарды сақтамаған 3 нысанға хаттама толтырылды.
Қ.Көбенғараев