5 кәсіпкерге хаттама толтырылды
Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату мақсатында, шыққан Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №7 қауылысын басшылыққа ала отырып Мойынқұм ауданында №1 аудандық мобильдік топтың жетекшісі А.Нәметқұловтың басшылығымен аталған топ мүшелері Кеңес, Бірлік, Биназар ауылдық округтерінің 10 кәсіпкерлік нысандарында болды. Мобильдік топтың мақсаты кәсіпкерлерді аталған қаулымен таныстыру, санитарлық талаптарға зерделеу жүргізу болды. Зерделеу барысында барлығы 10 нысанның 5-інде санитарлық талаптар сақталмағаны анықталып, 5 кәсіпкерге хаттама толтырылды.